«Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмін көруге бола ма?

«Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмін көруге бола ма?

Ассалаумағалейкум! Ирандық режиссер Маджид Маджидидің түсірген «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильмін көруге бола ма?


Уа алаейкум ассалам!

Қазіргі таңда пайғамбарлар өмірі және ислам тарихы жайлы фильмдер көптеп түсірілуде. Таяуда ғана Ресей елінде көрсетіле бастаған «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» атты фильм жайында көптеген дау-дамай туындап жатқаны белгілі.
Осы ретте пайғамбарлардың оның ішінде ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) рөлін сомдауға қатысты Ислам шариғатының көзқарасына тоқталуды жөн көрдік. Алла Тағала пайғамбарларды бүкіл әлемнен артық етіп, дәрежелерін көтеріп қойды.
Ол жөнінде Алла Тағала Құранда былай дейді: «Һәм бұл – қауымына қарсы Ибраһимге берген бұлтартпас айғағымыз. Біз қалағанымыздың дәрежелерін көтереміз. Ақиқатында, Раббың – Дана һәм Білуші! Және оған [Ибраһимге] Ысқақ пен Жақыпты сыйлады; барлығын да тура жолға салдық. Һәм одан бұрын Нұхты да тура жолға салдық және оның ұрпағынан Дәуіт, Сүлеймен, Айюб, Жүсіп, Мұса, Һарундарды да (тура жолға салдық). Һәм мұхсиндерді де солай сыйлаймыз! Сондай-ақ Зәкәрия, Жақия, Иса, Ілиясты да (тура жолға салдық), – бәрі де ізгілерден еді. Һәм Исмаил, Әл-Ясағ, Жүніс, Лұтты да (тура жолға салдық), – бәрін де әлемдерге ардақты еттік»[1].
Мұндағы «Бәрін де әлемдерге ардақты еттік» деген аят пайғамбарлардың басқа жаратылыстан ардақты екендігін білдіреді. Ал, Мұхаммед (с.ғ.с.) – ол пайғамбарлардың ең абзалы. Ол жөнінде Алла елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Мен Адам ұрпағының мырзасымын...»[2], – деген. Ендеше, осындай артықшылыққа ие бүкіл пайғамбарларды құрметтеу – барша мүміннің міндеті. Кімде-кім оларға зиян жеткізсе екі дүниеде де қасіретке ұшырайды. Алла Тағала Құранда ол жайлы былай дейді: «Асылында, Алланы және Оның елшісін ренжіткендерге [Аллаға серік қосып, Пайғамбарды құрметтемегендерге] Алла дүниеде де, ақыретте де лағнет айтты әрі оларға қорлаушы азап [тозақ] дайындады»[3].
Пайғамбарлардың (с.ғ.с.) рөлін сомдау оларға зиян келтіру болып табылады. Өйткені, бұл істің салдарынан оларға жалған кейіп (образ) таңылып, олардың атынан өтірік сөйлеуге есік ашылады. Пайғамбарлардың рөлін ойнаған адам ісімен де сөзімен де олардың шынайы тұлғасының сиқын бұзып, кемсіткен болады. Себебі, Пайғамбардың рөлін ойнап жатқан актерлер қаншама шебер болса да пайғамбарлардың шынайы кейпін, мінезін, түр-тұлғасын сала алмайды. Оны көрген адамның ойына сол актердің шындыққа жанаспайтын бейнесі қалып қояды. Тіпті, Алла Тағала Пайғамбарлардың бейнесіне шайтан кіре алмайтындай қорғап қойған.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің бір хадисінде: «Расында, шайтан менің бейнеме кіре алмайды»,[4] – деген. Міне, осы айтылған дәйектерді негізге ала отырып, ғалымдардың баршасы бірауыздан пайғамбарлардың рөлін сомдауға харам деп үкім берген. Ал, Ирандық режиссер Маджид Маджидидің түсірген «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алланың елшісі» фильміне бірқатар мұсылман елдері тыйым салған.
Сонымен қатар, Мысыр елінің пәтуа комитеті әрі әл-Азһар ғалымдары түсірілуі барысында-ақ бұл фильмге қарсы пікірін білдіріп, ол істің харам екендігін мәлімдеген болатын. Мысалы, әл-Азһар өкілі доктор Аббас Шауман «пайғамбарлардың рөлін ойнау – харам, оны шығарған адамдар күнәкар және оны көргендер соған серік болады» десе, әз-Азһар әш-Шәрифтің пәтуа комитетінің бас хатшысы доктор Саид Амир осы киноға жұмсалған қаражатты да харам деп, мұсылмандарға оны көруге болмайтынын ескерткен[5].
Демек, Маджид Маджидидің режиссерлығымен шыққан «Мұхаммед (с.ғ.с.) – Алла елшісі» атты фильмде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жас кезіндегі кейпі сомдалғандығына байланысты оны көруге де онымен табыс табуға да болмайды. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Күнәға және дұшпандыққа жәрдемдеспеңдер. Алладан қорқыңдар! Күдіксіз Алланың азабы қатты»[6]. 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі
 muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста