Мұсылманның ғасырнама бейнесі

Аса қамқор, ерекше мейірімді, Алланың атымен бастаймын!

 

Аса көрнекті, ұлы ақын, кеменгер-хәкім Абай Құнанбайұлы, заманының заңғар биігінен көрінген сүрлеуі төселген сонау бір жылдары ағынан жарылып айтып кеткен мына бір сөздері еріксіз есімізге оралады: «Алла өзгермес, ал адамзат күнде өзгерер...»,-деп. Тағы айтады: «Жаратушы бір Алладан басқаның бәрі өзгереді»,-дегені кімге де болса ой салары анық.

 

Алла Тағаланың алдына барлығымыз да барарымыз шындық. Оған дейін бұл пәнидегі ісімізге жауап бере алмасақ ақыретте жұмақтың исін де сезіне алмасымыз анық. Ақырет, ол бізге дайындаған Алла Тағаланың екінші мекені. Бізді жоқтан бар етіп дүниеге әкелген де Алла, өлшемді уақыты біткен соң кері қайтарып алып кететін де Алла. Ендеше Аллаға иман келтіріп дәріптеген асыл дініміз Исламды шексіз құрмет аясында қадір тұту, мен мұсылманмын деген әр пенденің бұлжымас міндеті. Діни сенім бостандығы бар екені рас. Дінді қабылдауға да қысым жоқ. Және солай екен деп кімде-кімнің қолжаулығы ретінде ойына келгенін істеуге де жол жоқ. «Демократия»,- деген бір сөйлемге жетпейтін сөзді желеу етушілердің сөгіп пішуіне де қарсымыз. Әсіресе дін қызметкерлеріне орынсыз тисіп шабуылдауына қатаң тыйым салынған және салуымыз керек. Алайда, еліміздегі діни ахуал бірімізді қуантса, бірімізді жабырқататыны рас. Әйтседе, Алланың ақ ордасын басқарған дін саласының өкілдері барлығына көніп, барлығы «Алланың қалауының шеңберіндегі ісі»,- деп  жұбатып, байсалдылықпен сабырлық танытуда.

 

Тырнақ астынан кір іздеп, көрпе астынан ши жүгіртушілер бас көрсетіп тұратыны тағы бар.  Ислам дінімен бірге жасасқандай сөйлейтін  адамдар да баршылық. Ұятты болса да айтуға тура келеді, олардың қатарынан абзал аға буын деп жүрген ақсақалдарымызды да байқап қаламыз. Құдайы аста, жаназа намазында ақсақалдар, қариялардың қатары толық болатынына разы болатынымыз рас. Ал парыз деп қабылдайтын Жұма намазының қатарын осынау аға буындардың легі ешқашан толтырған емес. Керісінше, сырттай тамашалап, аулаға жиналып бақылап отырғандарын көрген сәтте, ішің удай ашып, қаның сыртқа теуіп жабырқайтынымызды несіне жасырамыз. Әттеген-ай қатарға келіп тұра қалсайшы, Алланың құлымын деп танылсайшы, сәждеге еңкейіп тағзым етсейші, пендесің ғой-кешірім өтініп тілек тілесейші,-дегіміз келеді. Амал нешік, олар міз бақпай тым алыста тұрады.

 

Баспасөз құрал беттерінде қайсыбір қаламгерлеріміздің, «Қариялар азайып барады»,-деп жазып жатқандарын байқап қаламыз. Өмірдегі аға буындар легі әлі азайған жоқ. Аллаға тәубе, әлі көппіз. Жалған дәлелден аулақ болайық. Тек ақсақал қарияларымыздың намазға деген иләһи сенімі, тағдырдың ауыртпалығынан қорғайтын құлшылығы орындалып бейімділікпен назарын аударса игі іс болар еді дегім келеді. Бірақ солардың көбісінің айтатыны, «Уақыт бар ғой әлі, алпыстан асқан соң бет бұрып оқи жатармыз»,-деп үмітсіз пиғыл танытатыны өкінішті-ақ. Ал соңғы буын жастарымыздың намазға бет бұрысы арда ағайындарымыздан оқ бойы алға озып шығып басым түскені қатты қуантады. Өте-мөте білім жолындағы жас бүлдіршіндердің қатары күнен күнге қосылып келеді. Алланың жолына ұмтылған ұлы мен қызына ата-аналар да ақ батасын арнап, Жаратқан Иемізден жәрдем тілеуде. Ұрпағының болашағына сүйсінген ата-ананың махаббаты мен балаларының кіршіксіз таза ақ жүрегінің ұмтылған имандылығына ризашылығымызды сездіріп куә болып отырмыз. Алланың рақымы жаусын сіздерге демекпіз құрметті бауырлар.

 

Кімде-кім Исламға қызмет етіп жүргеннен кейін «Жаратушы Иемізден қорқу»,-деген болу керек. Және ертеңгі баратын ақырет өміріңде, Раббыңның алдында «Не деп жауап»,-беретініңді көкірегіңнен алып тастамай көңіліңде ұстауың ләзім. Неге дейсіз ғой? Олай болатыны, әр адамға сынақ болып түсетін адами дағдарыс тұр жолыңда. Онымен қатар дәуір дағдарысы ентелеп тұрған шақ. Біз, адами құндылығымызбен жан дүниеміздің тауқыметін алға қоятынымыз шындық. Әйтсе де, Алланың тура жолы сол тауқыметіңнен ілгері тұрса, «О Алла!, Жүрегімізге тауфиқ-хидаят бере гөр!»,-деп дұға етсек жан дүниеңіз жай таппас па еді? Оның жылуын сезінген пенде өмірдің мәніне жетіп кенелген соң, келесі бақи дүниенің жолын ашып дайындығын жасайды емес пе? Ол, осы тұста тәубеңді де есіңе салады. Тәубе, өмір бойы жан дүниеңмен атқарған істеріңнің жақсысы мен жамандығын жүрек түбіне сақтаған, яғни жасырынып жатқан құпия сезіміңнің ошағы. Міне солар тәубенің алдына жиналады.

 

Тәубеге келу өткенге оралу деген сөз. Сүйікті Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Шын жүректен өкіну-тәубе»,-деген. Шариғатта мұны «Күнәсына өкініп, одан қайтуды»,-айтады. Тәубеге келе білген жан өмірге деген үміті жалғанып, жүрегіне жұбаныш орнап, келешегіне сенім ұялап ғарыштағы қадамын жалғастырады. Жүрегіңнің әмірін тыңдай білсең ешқашан қателеспейсің. Алла Тағала: «Пендем, Мен туралы не ойласа, Мен сондаймын, ол Мені еске алғанда, Мен онымен біргемін. Егер ол Мені іштей еске алатын болса, Мен де оны солай еске аламын. Ал, егер ол Мені бір топ жұрт ішінде еске алатын болса, Менде оны олардан жақсы бір топ жұрт ішінде еске аламын. Егер ол маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір табан жақындаймын. Ал, егер ол Маған бір табан жақындаса, Мен оған бір адым жақындаймын. Егер ол Маған жүріп келетін болса, Мен оған жүгіріп барамын»,-деген. Ендеше, шамаңыз жетсе тәубеңізге асығыңыз. Жүректегі күнә кешіккен сайын қарая беруі мүмкін. Аллаға серік қоспасаңыз рақымына бөленесіз. Адамзат баласына өлім келгенше ғана тәубесі қабыл. Өлім келген соң тәубенің мерзімі аяқталады. Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз: «Күмән жоқ, Алла Тағала күмән істегеніне өкінген пенденің тәубесін оның жаны алқымынан шықпастан бұрын қабыл етеді»,-деген. Ал күллі адамзатқа берілген тәубенің мерзімі хақында Пайғамбарымыз: «Алла Тағала, күн батыстан шықпай тұрып тәубесіне келген пенденің тәубесін қабыл етед»,-деген. Сондықтан да бүгінгі тәубеңізге Жаратқан Алла қуанады. Олай болуы, «Алла Тағаланың ең жақсы көретін пендесі-күнә істегеніне шын жүректен өкініп, тәубесіне келген пенде. Күнәдан қайтып, тәубесіне келген пенде күнәсі жоқ пенде тәрізді»,-деген Алланың аяты бар. Осыдан түйеріңіз: «Күнәлі іске оралуды сізге жазбасын. Тәубенің негізгі шарты-осы.

 

Раббым тәубеңізді қабыл, жақсылықты нәсіп етсін!»,-деген қасиетті ұғыммен сусындатып мақаламды аяқтаймын. Көңілдеріңіз шаттық, жүздеріңіз жарқын кереметтей жайнап өтулеріңізге тілектеспін. Әмин!

 

 

Қарағанды. «Әл Машани» мешітінің баспасөз қызметі. Серікбай Ш.Б

  ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста