Mұсылмандарға саяхат жасау керек және оның 10 себебі

Мен мұсылманмын, жазушымын. Қазіргі таңдағы әлем жағдайының қиыншылықтарын ескере отыра, өзім үшін саяхат ұғымының танымдық әрі рухани жаңа көрінісін аштым. Исламда саяхатқа деген көзқарастың оң екенін енді түсінсем де, алайда мұсылмандардың саяхатты неліктен ұнатпайтындарын түсінбей-ақ қойдым. Өзім мұсылмандар саяхатқа шығулары керек деп есептеймін және төменде мұның 10 себебін қарастырып беремін:

1. Қажылық немесе умра.

Саяхат - біздің асыл дініміз исламның көптеген рухани аспектілерімен тікелей байланысты, атап айтқанда, қажылықпен. Кіші қажылық – умраны үлкен қажылық алдында жасалатын, қасиетті мекендермен танысуға арналған рухани саяхат деуге болады. Қажылық та, умра да исламның дін болып қалыптасуына тікелей қатысы бар қасиетті қалалар Мекке мен Мединеге саяхат болып табылады. Қажылық пен умра саяхат пен жаяу жүрістерге байланысы бар көптеген ғибадаттардан тұрады, мысалы үшін, Қағбаны тәуәп ету, Муздалифа, Арафат тауына шығу, Мина жазығына бару. Осы ғибадаттардың бәрі де қажыдан жаяу жүріс кезінде ойлану мен түсінуді талап етеді.

2. Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ).

Алла Елшісінің өзі (ﷺ) саяхатқа ілім табу амалдарының бірі деп қараған. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) рухани сяхатты басынан өткерген болатын. Оған мысал, түнгі сапар – Миғраж. Осы сапарында Алла Елшісі (ﷺ) Алланың қалауымен, жеті көкке көтеріліп, өзінің (ﷺ) алдында болған пайғамбарлармен жүздесіп, Алла Тағаладан күнделікті бес уақыт оқылатын намаз жайында бұйрық алған болатын. Ғалымдардың басым көпшілігінің айтуына қарағанда, бұл саяхат Медине қаласына көшпей тұрып орын алған әрі Алла Елшісінің (ﷺ) табандылығы мен пайғамбарлығына деген сенімін нығайтуға бағытталған. Пайғамбарымыздың (ﷺ) жастық шағы сапарда жүрумен өткен, ол сауда керуендерін бастап жүріп, күллі Орталық шығысты аралаған болатын. Осы саяхаттар адамзат асылының (ﷺ) басқа халықтарға аяушылық танытуына әрі өзгешеліктерді құрметтеуді үйренуіне үлкен ықпал еткен.

3. Дәстүр.

Көп ғасырлар бойы мұсылмандарда бір жерден екінші бір жерге қоныс аударып жүру дәстүрі болған. Ең танымал саяхатшылардың бірі Ибн Батута болған, ол Мароккода дүниеге келіп, 30 жыл бойы саяхат жасаған адам. Тарихтан белгілі болғандай, кейбір мұсылман ғалымдар да ілім алу барысында ұзақ сапарларға шығатын болған. Сонымен қатар, пайғамбарлар да рухани саяхаттар жасап отырған, ал бұл сапарлар олардың мінездерін өзгертіп, рухтарын нығайтып отырған.

4. Руханият.

«Бұл өмірде – бөтен елдің адамындай не жолаушыдай бол». Аталмыш хадис материалдық дүниеге деген құштарлық жайында. Демек, исламдағы әрбір рухани дәстүр – саяхатты рухани тәрбиенің бір бөлігі етіп қарастырады. Мұның артында тұрған даналық - бұл баянсыз дүниеге «жат» көзбен қарауда әрі мәңгілік өмірді анағұрлым тереңірек түсінуден тұрады.

5. Аллаға деген сүйіспеншілік.

Саяхат жасау арқылы біз Алла Тағаланы, Оның жаратқандарын толыққанды түрде көріп, шегі мен шеті жоқ алып ауқымына қайран қаламыз. Дүние жүзін аралай жүріп, бұрын жайғана таныс дүниелер бізге расымен де жақын болып кетеді әрі біз Алла Тағаланың жаратқандарын бағалай бастайтын боламыз. Қасиетті Құранның басынан аяғына дейін Алла Тағала адам баласын жер мен көкте орналасқан белгілер жайында ойлануға үндейді. Шүбәсіз, мұны саяхат жасау арқылы лайықты түрде іске асыруға болады.

6. Надандықты жою.

Өмірлік тәжірибеден артық ештеме де ойлауды дамыта алмайды. Технология дамыған осынау заманда ілімді БАҚ беттерінен ала отырып, дүниенің бір бұрышында отырып, екінші бір бұрышында не болып жатқанынан өзімізді хабардар болып отырғандай сезінетініміз өтірік емес. Бейнелер мен жаңалықтардан танымал адамдарды көріп алып, оларды бір танысымыздай көретініміз де рас, алайда бұл шынайылық емес, тек шынайылықтың көрінісі ғана екенін білгеніміз жөн. Өзіміз білеміз, көргенбіз деп жүрген жерлерге саяхат жасау арқылы ғана қаншалықты қате пікірде болғанымызды түсіне бастаймыз, өйткені шынайылық пен шынайылықтың көрінісі арасында жер мен көктей айырмашылық бар.

7. Өзін-өзі кемелдендіру.

Ислам адамға өзін-өзі кемелдендіруді ұйғарған, адам баласы болмысынан қателіктер мен шалыс басуларға бейім тұрса да, бірақ ол өзін өзгертіп, жақсы болуға ұмтылуы тиіс. Саяхат жасау арқылы адам байсалдылық, көнгіштік, өзін-өзі бақылау, сыпайылық және бойұсынушылық сияқты қасиеттерді игереді. Шынайы иман келтіруші мүмінге әрбір тәжірибе, соның ішінде, саяхат та – иманның нығаюы мен Алла Тағаланың құдіретін түсіну болып табылады. Дұрыс ниетпен жоспарланған саяхат сізге тек хайырлы болып келеді, өйткені сізді жайлы орыннан алып шығады әрі сіздің алдыңызға сіз кімсіз, қайда бара жатырсыз және өміріңіздің мәні неде деген сауалдарды қояды.

8. Бағалауды үйрену.

Адамдардың табиғаты сондай, олар болып жатқан дүниелердің бәріне де өздігінен боуы тиіс нәрселер деп қарайды. Бұл ата-аналарға, туған-туыстарға, аға-қарындастарға және т.б. да қатысты. Апталап, айлап жол жүріп жүргенде осынау құндылықтарды басқаша бағалауды үйренесіз, ананың аялы алақанын, әкенің жылы құшағын шынайы түрде түсіне бастайсыз. Үйден ұзақ уақыт жырақта жүру сезімдерді нығайта түседі деп айтады, алайда сіз Алла Тағаланың сізге нәсіп еткен нығметін жете сезінетін боласыз.

9. Адамзатқа деген сенім.

Дүние жүзін аралай жүріп, қаншама жақсы адамдармен жүздестім әрі адамдардың сондай ғажап екенін түсіндім. Алла Тағала адамды Өзінің жаратқандарының арасындағы ең жоғары жаратылысы еткен, дүние жүзін кезе жүріп менің осыған көзім жетті, өйткені Алланың нәсіп еткен игілік пен сүйіспеншілік сияқты қасиеттерді тек адамдардан таптым. Әлемдегі адамдардың басым көпшілігі «адам» болудың не екенін білдіретін бейнесі болып табылады.

10. Ислам тарихы мен мәдениеті.

Ислам мұрасы өте бай әрі дерліктей күллі дүние жүзін қамтып жатыр. Ислам мәдениетінде мұсылмандарға ортақ элементтер бар, алайда мемлекет пен халықтарға байланысты өзгешеліктері де жоқ емес. Әр жақты негізі бар ислам мәдениеті Құран мен Сүннеттен бастау алып жатыр, ал ерекшелері – түрлі халықтардың жергілікті салттарынан басталады. Ислам тарихында айтарлықтай орны бар мекендерге саяхат жасау арқылы, біз өзіміздің түп-тамырымызға, өткенімізге және мұрамызға жақын бола түсеміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста