Брижит Бардо – жетпіс жеті жаста, танымал француз актрисасы. Ол «Құдай да әйелді жаратқан» (1956) фильмінің арқасында бүкіл әлемге танылған тұлға. 1950 жылдары ол Мерилин Монро сияқты «Еуропа үшін секс – символға айналды» деп, арсыздықты өкіне еске алса, 1990 жылдардан бері Франциядағы иммигрант ислам өкілдерінің отбасылық тәрбиесінен үлгі алуды насихаттап, гомосексуализм мен аралас неке ұлтқа, адамзатқа төнген зор қауіп екенін ескертіп жүр. Әрі осындай құнды пікірлерін өте үлкен мінберлерден мәлімдегендіктен «ұлтаралық араздық қоздырды» деп француз сотты бес рет айып тақты.
Б.Бордоның бір сөзінде: «Өзім басты рөлдерді сомдаған кез келген бұрынғы филімдерімді айналып қарағанда, өз-өзімді қатты жек көремін, сұмдық жиренішті сезім пайда болады, тез арада теледидарды сөндіріп барып, жаным жай табады. Қалайша соншалық төмен әрі аяр қылықтарға барғанмын, қаншалықты арсыз-ұятсыз рөлдерді сомдағанмын деп, қатты өкінем!», – депті.
Жақында ғана «Islam Today» агенттігі таратқан ақпаратта Б. Бардо, адам бақытының апофеозы адал неке екенін сөз ете отырып: «Адам бақытының апофеозы – ол адал неке. Әрқашан жанында күйеуі мен балалары бар әйелді көргенде өзіме: неге мен мұндай шапағатқа ие болмадым, деп сауал қоямын. Мұсылман елдеріне барғанымда мен олардың әйелдерін көріп, өкініштен өзегім өртенеді, бір көргенде «тұмшаланған» әрі «еріксіз» бұғауда сияқты елестегенімен, олар біздің әрбір еуропалық әйелдің нағыз арманы – әйел бақытына қол жеткізгенін аңғардым» депті.
Осылай мұсылман отбасының қарым-қатынасқа сүйсінісін Брижит Бардо ханым: «әйелдер күйеулерін дәріптейді, ал әйелдерге деген құрмет пен ілтипат одан да ерекше. Әйелдер өте қымбат дүкендердің жанында сыбырласып тұрады, шығыстық кейіптегі, сөз жеткізгісіз сұлу балалары болса, павильондарда қуана жүгіреді. Ал күйеулері «Тиффани» мен «Шапард» сән үйлерінің бірнеше пакетьтерін қолдарына ұстап, әйелдеріне әрдайым күлімсіреп тұрып, «хабиби» деп шақырады. Олардың тілінде бұл «қымбаттым», «сүйіктім» дегенді білдіреді, әрі бұндай сүйкімді сөз жүрекке әсерлі жетеді», – депті.
Одан кейін әртіс ханым мына бір сөзінде: «Мені ешкім дәл мұсылман әйелдерін құрметтегеннің жартысындай да құрметтеп көрген жоқ. Шіркін ғұмырымының бәрін кері қайтарғым келеді. Мына әлемде өзімді сүйетін күйеуім мен балаларымның қамқорлығымен асқан еш нәрсе жоқ екенін түсіндім. Осыны ойланғанда мұсылман еліне қоныстанғым келіп кетеді. Ал қазір, тек қарындары ашқанда ғана мені еске алатын, мысық пен ит менің жанұя мүшелеріме айналған, бұдан өткен қорлық жоқ шығар», – деп көзіне жас алыпты..
namys.kz
Мұсылман келіншек пен кәпір келіншектің шынайы бейнесі
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора