Құранды мұсылман болған күйі жан тәсілім еткен мархұмның әруағына бағыштауға болады. Мұсылман емес, өзге дін өкілінің әруағына Құран бағышталмайды. Оған оның пайдасы жоқ. Құран Кәрімде былай делінген:
   وَنُنَزِّلُ مِنَ الْقُرْآنِ مَا هُوَ شِفَاءٌ وَرَحْمَةٌ لِّلْمُؤْمِنِينَ ۙ وَلَا يَزِيدُ الظَّالِمِينَ إِلَّا خَسَارًا
«Біз Құраннан мүміндер үшін шипа болар, әрі мейірім-шарапат (етер аяттар) түсірдік. Ол (құран) залымдардың тек қасіретін арттырады»[1].
 [1] Исра сүресі, 82-аят.
mazhab.kz