Мүфтият Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

Мүфтият Ораза айт намазына қатысты мәлімдеме жасады

Діни басқарма мешітке баратын қазақстандықтарды сақтық шараларын сақтауға шақырды, науқастар мен әйелдерге айт намазына қатыспауға кеңес берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Ораза айт намазы мешіт аулаларында оқылатынын хабарлады.

"Қадірлі жамағат! Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатынын (жергілікті бас санитар дәрігерлердің қаулысымен рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз", - делінген хабарламада.

ҚМДБ таң атысымен мешітке баратын мұсылман жамағатын санитарлық талаптарды сақтауға шақырды:

бетперде киіп келу;
үйден дәрет алып келу;
намаздан соң қол беріп амандаспау;
намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;
жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.
"Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз. Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет", - деді діни басқармадағылар.

Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. Қазақстан өңірлерінде Ораза айт намазы 13 мамыр таңғы жетіде оқылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста