Молда дүмше болса, қырық шайтан жабылып несі бар?

Молда дүмше болса, қырық шайтан жабылып несі бар?

«Тәртіпсіз кім? Қожа! Оңбаған кім? Қожа!» дегендей, жасыратыны жоқ бүгінгі қоғамда «Дүмше кім? Молда! Арамза кім? Молда!» деген секілді имамдардың имиджіне кір келтіретін, «молда» деген қадірлі ұғымды қор қылатын түсінік кезіп жүр. Мұндай түсінік кейінгі кезде ғана пайда болған жоқ, кеңес үкіметінен бері бар еді. Жалпы, молдалардың мұндай жаманатқа қалатындай не жазығы бар еді? «Мешкей деген жақсы ат емес» деген секілді бүгінде санаға әбден сіңіп қалған теріс түсінік қайдан пайда болды?
Қазақта молда деген кім еді? Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде молдаға «Құранды, діни ғибадатты жақсы білетін, діни рәсімді атқарушы, мұсылмандардың діни қызметкері» деген анықтама беріледі. Яғни, діни білімі жоғары, діндар, тақуа жанды қазақ молда деген. Молда қоғам ішінде сауаттылығымен де ерекшеленіп тұратын болған.
Әдебиетші Наурызбай Ақбай құрастырған «Дәстүрлі атаулар» кітабында да: «Молда, молла – мұсылманның дәстүр жөн-жосығының білгірі, дін қызметкері, дін мектебінің ұстазы, білімді, оқымысты адам», – делінген.
Махамбет Өтемісұлының: «Хат оқиды молдалар, қаламмен тартқан сиядан», – деген өлеңінен молдалардың сол кезде сауатты тұлға болғанын аңғарамыз.
Ғалым, абайтанушы Омар Жәлел: «Бұрын қазақтың молдалары қандай болған? Олар қисса-дастандарды жатқа сапырған ғой. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Фархат – Шырын» сияқты дастандарды жатқа айтып отырған. Молда – «ғұлама» деген сөз», – дейді. Демек, қазақтың ішіндегі молдалар қазақ тілінің жілігін шағып, майын ішетін, сөзге шешен, жыр-дастандарды жатқа білетін ағартушы ғалым болған.
Ал араб тілінде «молда» сөзі «мәулә» түбірінен шығып, ғалым, ұстаз, шейх, фақиһ, аса құрметті деген терең ілім иелері мағынасында келеді.
Тіпті, молданы араб тілі сөздігіндегі «мәлә’ә» түбірімен де байланыстырып жатады. «Мәлә’ә» арабша «толған» деген сөзді білдіреді екен. Былайша айтқанда, молда – ғылыммен толысқан тұлға.
Тым болмаса «бір молданың соңынан қырық шайтан ереді» деген мақалдың өзіне ой жүгіртіп көріңізші. Осы мақалдың өзі бізге молданың иман шкаласын көрсетіп тұр емес пе? Яғни, молданы тура жолдан адастыру үшін қырық шайтан күш салған. Демек, қазақта молда ұғымы о бастан дүмшелікті емес, тақуалықты көрсеткен. Молда дүмше болса, оған қырық шайтан жабылып несі бар?
Негізі «Молданың айтқанын істе, істегенін істеме» деген сөз де молдалардың тақуалығына қатысты айтылған болатын. Себебі, молдалардың рухани кемелдікке жету жолындағы амалдары қарапайым халыққа ауыр соғатындықтан жұрт молданың істегенімен емес, айтқанымен жүруді насихат еткен. Бүгінде, өкінішке қарай, бұл сөзді мүлдем басқа қырынан түсінетін болдық.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста