Бірде Алла елшісі Мұхаммед Мұстафаның (с.ғ.с.) мүбәрәк самайын қырау шалғанын байқаған хазреті Әбу Бәкір (р.а.): «Сіз де мезгілінен ерте қартайыпсыз-ау», – деген еді қамығып. Сонда адамзаттың асылы пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл қамкөңіл досына: «Мені «Хұд» сүресі қартайтты», – деп іштегі бір сырын аңдатқан болатын.
Белгілі ғалым имам Тирмизидің еңбегінде айтылатын осы оқиға жайында бірқатар риуаяттар бар-шылық. Мәселен, Табаранидың «әл-Мұғжамул-кәбир» атты кітабында: «Мені «Хұд» және соған ұқсас сүрелер қартайтты», – десе, тағы бір риуаятта ол сүрелердің «Уақия», «Хаққа», «Тәкуир» екендігі аталған. Енді бір деректерде бұл сүрелердің қатарынан «Қария», «Мағариж», «Мүрсәлат», «Нәба» сүрелерін де кездестіреміз.
Бұларға тән ортақ ұқсастық – сүрелердің негізінен Меккеде түсуі. Ал Мекке кезеңі Ислам тарихында өте үлкен қиындықтардан көз ашпаған уақыт. Күпірлікті ашық сынайтын аяттардың түсе бастағаны да осы кезең. Сондықтан, қозғалған мәселелердің түп-төркіні бір бол-ғандықтан, бұл сүрелер «Хұд» сүресіне жақын деп қабылданған.
Ол сүрелерде не айтылған?
Алғашқы аяттарда ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адам-затқа жіберілуіндегі екі маңызды міндеті сөз болады. Оның бірі – иман жолын таңдап, құлшылықпен бейнеттеніп өткен жылы жүректі, ізгі ниетті жандарға ақыретте зор қуаныш, мол сыяпат бар екенін хабарлау болса, екіншісі – тоңмойындықпен күпірлікке ұрынғандарға, пиғылы бұзық азғындарға ақыретте ауыр жаза барын алдын-ала ескерту. Одан кейінгі аяттарда жаратылыстың түп бастауынан қияметке дейінгі ірі құбылыстар сөз етіледі. Алла тағаланың шексіз құдіреті мен ілімі, көк пен жердің жаратылысы, адамдардың бұл өмірде сыналуы баяндалады. Сондай-ақ, Нұһ (ғ.с.), Хұд (ғ.с.), Салих (ғ.с.), Лұт (ғ.с.) қауымдарының адамшылықтан айнып, арсыздыққа салынуы себепті Алланың қаһарына ұшы-рап, жер бетінен тып-типыл жойылып кеткендігі, өзін Құдайға балап күпсінген перғауынды Алланың қалай жазалағаны кеңі-нен суреттеледі. Іле тіршіліктің соңындағы қияметтің үрейлі оқи-ғаларына кезек берілген. Ақы-ретте ізгі жандардың жәннатқа, кәпірлердің тозаққа баратындығы білдіріліп: «Саған бұйырылған-дай турашыл бол! Сенімен бірге тәубе еткендер де астамшылдық-қа бармасын (турашылдықтан таймасын). Өйткені, ол (Алла) не істегендеріңнің бәрін көріп тұр» («Хұд» сүресі, 112-аят), – деген бұйрыққа назар аудартады.
Жоғарыдағы сүрелерде келетін ортақ тақырыптар осыларды құ-райды. Басым көпшілік ғалым-дардың айтуынша, ардақты пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) жүрегіне зіл батпан ауыр тиіп, мезгілінен ерте қартайтқан аят: «Саған бұйы-рылғандай турашыл бол!» әмірі еді.
Ибн Аббас та (р.а.) осы пікірді қуаттап, «Хазреті пайғамбарымыз-ға осы аяттан өткен ауыр әрі машақаты көп аят түспеген», – деген (Нәуәуи. Шәрху Сахих-и Мүслим, II, 9).
Уайымы арта түсті
Аяттарда тарихтағы түрлі азғын қауымдардың Алланың қаһарына ұшырағаны ескертіліп, әрі оның барынша шиеленіскен Мекке кезеңімен ұқсас келуі ардақты елшінің (с.ғ.с.) қатты үрейленуіне себеп болды. Меккелік пұтқа та-бынушылардың ымыраға келмеуі, көпқұдайшылықтан қасарысып бас тартпауы, пайғамбарды келемеж-деп, сөздерін мазаққа айналдыруы, оған жер бетінен жойылып кеткен баяғы қауымдардың азғындығына ұқсап бара жатқандай көрініп, сұмдық қорқытқан еді. Оның үстіне үздіксіз түсіп отырған аяттарда қиямет туралы жиі сөз етілуі ақырзаман пайғамбарының (с.ғ.с.) үрейін үдетіп, әлдебір қорқыныш-қа қамады. Құрайыш мұсылман болмай тұрып қиямет орнай қалса, ақыреттегі жағдайлары не болмақ, олар үшін мен не деп жауап бермекпін, міндетімді толық орындай алмай кеткенім бе деген уайым расулулланың (с.ғ.с.) жанына батып, қорқынышын бұрынғыдан да еселеді. Әсіресе, сүренің соңында айтылған бұйрыққа сай туралық-тан таймау әрі мұның өзінен кейінгі барша мұсылман үмбетіне де қа-тыстылығы расулулланы (с.ғ.с.) терең уайымға батырып, белін қайыстырып, мезгіліне жеткізбей самайын ақ шалған-ды.
Үмбеті үшін алаңдады
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзі үшін емес, үмбеті үшін көбірек алаңдады. Өйткені өзі турасында Құранда: «(Әй, сүйікті елшім!), Сен тұп-тура жолдасың» («Ясин» сүресі, 4-аят), – делінгені мәлім. Ғаламға рақым нұры болып келген ақиқат жаршысы (с.ғ.с.) ізінен ерген өз үмбетінің жағдайын ойлап қамықты. Үмбетінің қиналғанын көрсе, қабырғасы қайысып қосыла қайғырып, қуанышына балаша жұбанатын оның бұл жанашырлығы Құранда: «Араларыңнан келген пайғамбар сендерге өте ынтық, қиналғандарың оған мейлін-ше ауыр тиеді, мүміндерге тым мейірбан әрі мейірімді» («Тәубе» сүресі, 128-аят), – деп сипат-талған. Оның үмбетіне деген мейірбандығы әкенің баласына деген мейірімділігінен бір мысқал да кем емес еді. Бұл туралы бір сөзінде: «Мен сендерге қамқор әкедеймін», – деп білдірген (Әбу Дәуіт, Тахарат, 4).
Расулулла (с.ғ.с.) үмбетін ерекше жақсы көре отырып, олардың түрлі жамандыққа бой алдыруларынан, ақыретке көңіл бөлмей, дүниеге салынып кетуінен, тәнқұмарлықты күйттеп, құлшылыққа селқос қа-рауы секілді ақыретте опынтатын жағдайларға ұшырауынан қорықты. Бір сөзінде: «Сендер мен менің кейпім, шыбын-шіркейлерді отқа жолатпай жасқап отырған адамға ұқсайды. Олар күйіп қалатынын білместен отқа ұмтылуын қоймайды», – деп жеткізген (Бұхари, Риқақ, 26).
О дүниеде қылдан жіңішке, қылыштан өткір сират көпірінен өтерде үмбетінен кейбіреулердің сүрінетінін алдын-ала мұңая ха-барлаған расулулла (с.ғ.с.): «Уа, Раббым! Өз қарақан басымның да, қызым Фатиманың да жағдайын ойламаймын, үмбетімнің жағ-дайына алаңдаймын, үмбетімнің», – деп, сол күні үздіксіз жалынып-жалбарынумен болатынын білдір-ген (Құртуби, әт-Тәзкира, 351).
Тағы бір сөзінде осындай жағ-дайларды меңзеп: «Мені ұятқа қалдырмаңдар», – деп өсиет еткен (Али әл-Мұттақи, Кәнзул-Уммал, 14/640).
Туралықтан таймау
«Хұд» сүресіндегі сүйікті елшіні де, үмбетін де туралықпен өмір сүруге шақырған аят шындап ойлантарлық. Ел ішінде жас кезінен әл-Әмин (сенімді кісі) атанған расулалланың (с.ғ.с.) өз өмірі бұл турасында өнегеге толы. Ол сөзі де, ісі де бір жерден шығатын турашыл мінезді адамдарды тәрбиелеу арқылы қоғамды тез сауықтыруды көздеді. Насихаттарында бұған ерекше көңіл бөлді.
Бірде: «Уа, Расулулла! Басқа-лардан сұрамайтындай етіп Ислам жайлы маған бір түйінді насихат ай-тыңызшы?», – деп өтінген сахабасы Суфиян әс-Сақафиге (р.а.): «Аллаға сендім де, содан соң ешқашан туралықтан тайма», – деп өсиет айтқан (Мүслім, Иман, 62).
Хадиске мән беріп қарасақ, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тура мінезді иманмен байланыстыра көрсеткен. Бұл өмірде адалдықтан айнымай, адамдықтың тура жолымен жүре білу бірінші кезекте әркімнің иманға беріктігіне байланысты екенін ұқтырса керек.
Тағы бір сөзінде: «Туралықтан айнымаңдар! Туралық ізгілікке, ал ізгілік сендерді жұмаққа бастайды. Адам егер адал жүріп, үнемі тура істерді жасаса, Алла оны турашыл жандардың қатарына жатқы-зады. Өтірікке абай болыңдар! Өтірік сөйлеу күнәға, ал күнә адамды тозаққа жетелейді. Кісі егер үнемі өтіріктен тілін тыймаса, Алла оны суайттардың қатарына жатқызады», – деп ескерткен (Бұхари, Әдеб, 69).
Адамның ішкі адалдығы, дініне беріктігі, мұсылмандық жолын ұстанғандығы оның өн-бойынан, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттерінен кө-рініп тұруы тиіс десек, төмендегі хадис соны жақсы ұқтырғандай.
«Мына алты нәрсеге кепілдік бере алсаңдар, мен сендердің жұмаққа баруларыңа кепілдік бере аламын:
– Сөйлегенде тек шындықты айтыңдар;
– Берген уәделеріңді орын-даңдар;
– Аманатқа қиянат жаса-маңдар;
– Ұятты жерлеріңді күнәдан қорғаңдар;
– Харамға көз салмаңдар;
– Қолдарыңды харамнан тыйың-дар!» (Ахмед ибн Ханбәл, Муснәд, 5/323).
Турашылдықты қозғағанда, сахаба Кағыб ибн Мәліктің (р.а.) басынан өткен мына бір оқиғаны айтпай кетуге болмас. Ол тас-түйін дайын болғанына қарамастан Тәбук жорығына қатыса алмаған еді. Өзінен басқа тағы екі кісі жорыққа шықпады. Алла елшісі (с.ғ.с.) жорықтан оралған кезде қалып қойған мұнафықтар әртүрлі сылтауды алға тартып ақталады. Кағыб ибн Мәлік ештеңені жасырмай, расын айтқанды жөн санайды. Бармауына пәлендей себеп жоқ еді. «Үлгерермін» деп жүріп қалып қойған болатын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Алла тағаладан жарлық түскенге дейін сахабаларына бұл үшеуімен сөйлесуге тыйым салды. Бұл қиын сынақ тура елу күнге созылды. Олардың сол уақыттарда шеккен азабы Құранда былай суреттеледі:
«(Алла тағала) артта қалған үш кісінің де тәубелерін қабыл етті. Жер жүзі кеңдігіне қарамастан тарылғандай, ар-ұждандары оларды қинаған сайын қинай түсті. Ақыр соңында олар Алладан басқа ешбір пана жоқтығын аңғарды. Содан соң әуелгі жағдайына қайта келсін деп Алла олардың тәубесін қабыл етті. Өйткені Алла – Тәууәб (тәубені көп қабыл етуші), аса Рақымды» («Тәубе» сүресі, 118-аят).
Осы аят түскеннен кейін Кағыб Алла елшісіне келіп: «Пайғам-барым! Мен туралығым арқылы кешірімге қол жеткіздім. Бұдан кейін де өмір-бақи тек шындықты ғана айтатыныма уәде беремін», – деген еді (Бұхари, Мәғази, 79).
Кағыб ибн Мәлик (р.а.) басына түскен қиын сынақтан шыншылдығының арқасында ғана сүрінбей өткен.
Иә, қоғамда сенімді адам бола білудің алғашқы шарты – шыншыл әрі тура мінезді болу. Турашыл-дық, ардан аттамау, ақиқаттан айнымау нағыз мұсылмандыққа тән мінез. Бірақ ол үлкен ерік-жігерді қажет етеді.
Қасиетті Құранда туралықтан таймай өмір сүрген мұсылман-дарға айтылған көптеген сүйінші хабарлар бар. Мәселен, мына аяттарға көз жүгіртсек: «Раббымыз Алла дегеннен кейін тура жолдан таймағандарға ешқандай қорқыныш жоқ, олар жабырқамайды. Олар жұмақ тұрғындары, ізгі амалдары үшін сол жақта мәңгілік тұрақтайды» («Ахқаф» сүресі, 13-14-аяттар); «Раббымыз Алла деп, тура жол-дан таймағандарға періштелер түсіп «Қорықпаңдар, уайымға салынбаңдар. Сендер уәде етілген жұмақты (ойлап) қуаныңдар», – дейді» («Фуссилат» сүресі, 30-аят); «Құран баршаларыңыз үшін, әсіресе тура жолмен жүргісі келетіндерге де үгіт-насихат» («Тәкуир» сүресі, 28-аят).
Түйін
Қорыта келгенде, «Хұд» сүресіндегі бір ғана аяттың мағы-насынан біз Құранды байыппен, түсініп оқу керектігін көреміз. Құранды терең түсініп оқып, өмірінде титтей де күнә істемеген пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) өзі «Хұд» сүресін оқып, ақыреттегі ауыр есепті есіне алғандағы ішкі азабы әлгіндей. Егер біз Құран ақиқатының байыбына бара білсек, ертеңгі күнге алаңдамай, уайым-қайғысыз ғұмыр кешпес едік. Құдайдан қорқу, үміт пен үрей арасында өмір сүру, алда есеп күні барын қаперде ұстау, тәубеге асығу, дүниеге алданбау, құлшылыққа енжар қарамау, ешкімге қиянат жасамау секілді мәселелерге бей-жай қарамас едік.
Ендеше, ақиқатты өз кемелін-де түсінген адамзаттың асылы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хазреті Әбу Бәкірге (р.а.): «Мені «Хұд» сүресі қартайтты», – деп мұңайғаны мұсылман үмбетіне терең ой салуы тиіс.
Құдайберді БАҒАШАР,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты, халықаралық қатынастар маманы,
дінтанушы