Бұл тәмсілдің өмірлік мәні бар. Әулие кісі бұл сөзді тек сол кедейге ғана айтқан жоқ, бәрімізге айтты. Осы айтылған бес амал барлығымыздың қолымыздан келеді, бірақ соларды жасамай жүрміз. Шындығында, соларды істеу біз үшін түкке тұрмайды.
⠀
Бір пақыр ауылындағы киелі кісіге келіп:
⠀
"Мен неге кедеймін?"&ndash деп сұрады.
⠀
Ғұлама кісі оған қарап:
⠀
&ndash Себебі сен ақжүрек, кеңпейіл емессің,&ndash деп жауап берді.
⠀
Кедей ондай жомарт болуым үшін өте бай болуым керек деген оймен:
⠀
&ndash Мен ондай атымтай жомарт болуым үшін қолымда көп дүние болуы керек емес пе, ал менің қолымда басқаларға үлестіріп тарататын ештеңе жоқ,&ndash деді.
⠀
Киелі кісі:
⠀
&ndash Өзің айтқандай жомарт болу үшін сенің қолыңда бес түрлі нәрсе бар, бірақ сен сол мәрттікті пайдаланбай жүрсің,&ndash деді.
⠀
Кедей байғұстың көзі бақырайып:
⠀
&ndash Айтыңызшы, ол қандай бес нәрсе? &ndash деп сұрады.
⠀
Әулие:
⠀
&ndash Сен өзіңнің нұрлы жүзіңмен, оң қас-қабағыңмен қоршаған жұртқа әдемі күлкі сыйлай алар едің, бірақ соны істемей жүрсің.
⠀
- Әдемі көздеріңмен басқа адамдарға сүйіспеншілік пен қамқорлықты көрсетер едің, бірақ оны да жасамай жүрсің.
⠀
- Жаратушымыздың саған берген әдемі аузымен басқалар үшін құнды әңгімелер айта алар едің, бірақ оны да істемей жүрсің.
⠀
-Сен өз жүрегіңмен басқаларға бақыт тілей алар едің, оны амал қылып жүрген жоқсың.
⠀
-Жалпы алғанда сен өз тәніңмен басқа адамдарға көп жақсылық жасай алар едің, бірақ оны да істемей жүрсің,&ndash деген екен.
Мен неге кедеймін?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора