Күйеуіңізге мына салиқалы бес сөзді күн сайын айтып тұрыңыз

Күйеуіңізге ол жоқ кезде үйдің қараңғы, судың дәмсіз, өмірдің көңілсіз екендігін жиі айтып тұрыңыз.

Ер адам сезімін, көңіл-күйін үнемі ішінде жасырады. Көп сөйлемейді, ішінде не жатқанын білмейсің. Оған жиі-жиі «сенің қолыңнан келеді!», «сен жетістікке жетесің!» деп демеу беріп отырсаңыз, кез-келген қиындығы жеңілдей түспек.

«Сізді Алла панасына алсын!» деп дұғамен шығарып салып, балалармен бірге қарсы алып, құрмет көрсету кез келген еркекті қуантады.

Ал сізге Алла мен Оның Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) күйеуіңді разы етсең – мәңгілікке жәннаттық боласың деп уәде беріп қойды. Жәннат – арзан тауар емес. Мұны түсінген әйел күйеуінің есіктен кірген сәтін «мейрам» секілді қабылдап, «Жәннатым кіріп келеді» деп қуана алады деп ойлаймыз.

♥ Маған сенің ақылың керек!

Ақылдасып жасаған әрбір істе береке бар. Алла қосқан қосағыңызға «маған сенің ақылың керек» деген сөзді жүрегіңізбен жеткізе біліңіз. Бұлай айту арқылы сіз оның пікірінің құнды екенін көрсетесіз. Ол өз кезегінде сізге бұрыс жол сілтемейтіні анық.

Көп әйелдің қателігі сол, «менің айтқаным дұрыс», «мен не десем, сол болуы керек» деген оймен күйеуінің кеудесінен басады. Бұл – ер мен әйелдің арасына салқындық салатынын ұмытпаңыз.

Сіз барлығын керісінше жасаңыз да, салиқалы әйел атаныңыз. Себебі, әйел салиқалы болса, отбасы түзеледі. Отбасы түзелсе, ел түзеледі. Ел түзелсе, имандылық, ізгілік, қайырымдылық, жанашырлық, адамгершілік секілді құндылықтар салтанат құрады. Имандылық салтанат құрған қоғамның берекесі мен бірлігі, жақсылығы артады. Жақсылығы артқан ел бақытты өмір сүреді.

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста