Кешегі ардақ тұтқан аналарымыздың орындары үңірейіп барады...

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Хабар» телеарнасы, «Көзқарас» бағдарламасына берген арнайы сұхбатында, бағдарла-маның жүргізушісі, белгілі заңгер Ирак Елекеев мәртебелі мейманға: «Құрметті мүфти! Биылғы жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялаған екенсіз. Себебін айтсаңыз?», – деп сұрақ қойды. Осы сұраққа мүфти хазірет Сарыағашқа бар-ған іссапарында көзімен көрген ғибратты оқиғаны баяндап берді. Яғни, ол қазақ-тың келіндері туралы.
Қазақ халқындағы қастерлі ұғымдардың бірі – келін, яғни ақ жаулықты ана екені даусыз дүние. Халқымыз: «Алып анадан туады», – деп бекер айтпайды. Ал сол ана да жоқтан бола қалмайды. Кешегі босағаны имене аттаған келін – ертеңгі ардақты ана. Барша адамзат баласы ең алғаш өз анасын танып, аялы алақанын сезінеді. Біздерді жоқтан бар еткен Жаратушы Иеміз аналардың жүректеріне балаға деген ерекше мейірім мен махаббат салып қойған. Әрине, әкелердің де отбасындағы орны ерекше. Әйтсе де, ананың балаға деген сезімін еш нәрсеге де айырбастай алмайсыз. Түн ұйқысын төрт бөліп, мұздай бесік таянып, сәбиінің саулығы үшін ештеңеден тайынбайтын аналар қандай да құрмет, қошеметке лайық. Қазаққа Абай секілді алыптарды сыйлаған Зередей әжелер, Ұлжан мен Домалақ секілді ардақты аналар аз емес. Сол асыл аналарымыз ақ босағадан оң аяқтарымен аттап, асқан әдептілікпен үлкен мен кішіге иіліп сәлем салып, әулет мүшелерінің ешқайсысының аттарын атамастан өтулері неткен ғажап дерсіз. Мұндай қазақы тәрбиені, тамыры діннен нәр алған дәстүрді дүниенің төрт бұрышын кезсең де кездестіре алмассыз. Хош делік.
Ендеше, бұл тұрғыда бүгінгі хал-ахуалымыз қандай? Сол ардақты әжелеріміздің таяқтарын ұстап қалған келіндер мен абысын-ажындардың, жеңешелердің, жалпы бір сөзбен айтқанда, бүгінгі жас аналарымыздың жағдайлары нешік? Кешегі ардақ тұтқан аналарымыздың орындары үңірейіп қалмады ма?
Қара бастарының қамын емес, қара шаңырақтың берекесін әрқашанда жоғары қойған қайран біздің аналар қатары күннен-күнге селдіреп бара жатқандай. Асыл некеден бастау алып, «алтын тойларын» жұптарын жазбастан бірге қарсылаған әке-шешелеріміздің лайықты жалғасы болар бүгінгі жас отбасылардың ай өтпестен ажырасып жатулары бүгінгі қазақ қоғамында қалыпты құбылысқа айналғалы қашан. Бұл өте қорқынышты, алаңдатарлық жағдай. Қазақ «қызға қырық үйден тыйым» деп, кейін сол қыздарын ұзатарда барған жеріңе «тастай батып, судай сің» деп ақ батасын берген. Бүгінгі қазақ күрт өзгеріп, бәлендей жағдай бола қалса, «ішіме сыйған бала сыртыма да сыяды» деп өзеуреп шыға келеді. Жас келіндеріміз де жағдайды тез бағамдап, қит етсе киім-кешегін жинай бастайды. Бұл бүгінгі күні тұтастай қазаққа келген қасірет. Жалпы, ақ неке мен ақ төсекті былғап, қадір-қасиет атаулыдан жұрдай болған жастарымыз жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап келеді.
Бұл жалғанның бір мәні – ұрпақ өсіріп, солардың жақсылықтарына бөлену болмақ. Бұрынғы аналарымыздың алды 10-15-ке дейін құрсақ көтерсе, бүгінгі келіндеріміздің бір-екі баладан кейін «белі ауырып» шыға келеді. Ал енді,«ана» атана алмай, қос тізесін құшақтап қалған қыздарымыз – қазақтың тағы бір қасіреті.
Осы арадан сәл кідіріп, сүреңсіз сан-дарды сөйлетейік. Бүгінгі таңда тәуелсіз Қазақ елі аумағында 25 жастан асқан 3 миллионнан астам жас бар екен. Жастары 29-ға жеткендер 4 миллионнан асып жығылады. Соның ішінде 2 миллион 337 мыңы ерлер болса, 2 миллион 279 мыңын қыздар құрайды. Белгілі демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың айтуынша, еліміз бойынша осы жастардың 500 мыңын сүрбойдақтар мен кәрі қыздар құрайды екен. Бар-жоғы 17 миллион халқы бар Қазақстан үшін бұл төзгісіз жағдай. Жығылғанға жұдырық, кеше ғана адал некелерін қидырып, дүркіретіп тойларын жасап, бүгін түк болмағандай ажырасып жатқандар саны да күн санап көбеймесе, азаймай тұр. Мысалы, Қазақстан Республикасында 2014 жылдың қаңтар-тамыз айларында 103,6 мың жұптың ақ некелері қиылса, тиісінше осы мерзім аралығында 34,8 мың жұптың ойран-топаны шығып, ажырасып тынған. Еліміз аумағында 1999 жылы 25,6 мың жұп ажырасса, ал 2009 жылы бұл көрсеткіш 37,4 мың жұпқа дейін көбейген. Зерттеушілерге сенсек, сол отбасылардың ойраны шығуына басты себеп –әлеуметтік жағдайлар болып табылады. Сөздің ретінде айта кетейін, некелерін қиып ұрпақ қызығына бөленетін 21 мен 29 жас аралығындағы жастарымыздың 85 пайызы үйсіз-күйсіз екен.
Дегенмен, қазақ халқында «бас екеу болмай, мал екеу болмас» деген тамаша тәмсіл сөз бар. Бүгінгі жастарымыз әрнені бір сылтау етпей, дер шақтарында шаңырақ көтеріп, ата-аналары мен ағайын-туыстарын шаттыққа бөлеп жатса ғой, шіркін. Қайран бұрынғының аналары таңмен таласа тұрып, төрт-түлікті өріске айдап, ерін жұмысына, балаларын оқуларына шығарып салып, ас-суларын қазандық пен «керашенкіге» пісіріп, иінағашпен су тасып, бір сөзбен айтқанда, сол шаңырақтың отымен кіріп, күлімен шыққан-тұғын. Сондықтан да, сол аналарымыз ағайын-туыс пен жақын-жұрағаттың ардақтысына айналды. Бүгінгі түске дейін ұйықтап, кешке дейін сериал қарайтын, келін боп келіп, келсапқа айналған кейбір жастарымыздың қос құлақтарына «алтын сырға». Қайран біздің аналар, арды ойлаған…

Мақсот БАҒЫТЖАНОВ, 
«Мәулімберген» мешітінің бас имамы,
Атырау қаласы
www.islam-orkeniet.kz
(Тақырып өзгертілген)

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста