Өз қажетіне жетерлік табыс таппаған адам бәрін тағдырға жаба салады.
1. Жолым болмады...
Көбіне табыс таппайтындар өміріне арызданып, бәріне кінәлі тағдыр дейді. Кедей отбасында дүниеге келгенін тілге тиек етеді. Қызметте пысықтар жолымды орап кетті дер. Бастық әділетсіз, қабілетімді көрмеді дейді. Майлы жерге тек «өз» адамдарын ғана тартады дер. Клиенттер бәсекелеске кетіп қалды дейді. Осылай, тұйық шеңбер бойымен кете береді. Бақытты келешекке, бай-қуатты өмірге деген үміт жоқ. Өмірге деген көзқарасың осындай болса, ештеңеге қолың жетпесі анық.
2. Табысы аз болғанмен, тұрақты жұмыс
Әдетте кедейлік психологиясынан шықпаған адам аз жалақыға тез көнеді. Тек тұрақты болса, болғаны. Көбіне мемлекеттік мекемелерде жұмыс істейді. Себебі, мемлекет әрдайым қамтамасыз етеді деп сенеді. Коммерциалық мекемеге барсам, сәлден соң далада қалармын деп қорқады.
Бұл адам өзінің білімі мен қабілеті елге қызмет ететіндігіне түк сенбейді. Ақырында, оның өмірінде ештеңе де болмай қалады. Ішпыстырарлық, күйбең тірлікке көнеді. Жаңа нәрсеге ұмтылысы жойылады. Өзін ешкімге қажет емес сезінеді. Ал, шын мәнінде өзін жетілдіріп, дамытса болар еді.
3. Өзгерістен қорқу
Қажетсіз боп қалармын деген үрейдің кесірінен кедей адам өзгерістен қатты қорқады. Кедей адамның ұраны – тәуекелге бел буып, дымсыз қалғанша, қолдағы азға қанағат тұту. Мұндай адамдар ешқашан өз кәсібін ашпас. Нарықтың жаңа саласын зерттемейді. 40 жасқа келгенде екінші мамандық игеруге дәті жетпес. 50 жаста жаңа өмір іздеп, басқа елге, қалаға көшпейді.
4. Өзін бағалауы төмен
Кедей адамдардың басты белгісі – өзін төмен бағалауы. Егер адам кеудесін кере өмір сүрмесе, өзін қалай бағалауы тиіс? Қызықсыз жұмыс, сол елеусіз жұмыстан шығып қалам деген үреймен өмірін өткізу. Өмірінде жарқын естеліктердің болмауы. Ешбір өзгерістің болмауы. Нақты тәуекелге бел буып көрмеу. Бұның бәрі адамның өзін бағалауын арттыру үшін еңбектенуге, мүмкіндіктерді қолдануға итермелейтін себептер. Кедей адам байлық пен жарқын мүмкіндіктер тәуекелшіл, бәрін басынан бастауға қорықпайтын әрекетшіл адамдардың алдында ашылатынын білмейді.
5. Белсенді болуға ниеттің жоғы
Белгілі бір жетістікке талпынып, жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін үздіксіз сол нәрсеге уақыт бөліп, ынта-ықыласпен кірісу керек. Мысалы, қызықты әрі жалақысы жоғары, соған сай міндеті де көп жұмысқа ұсынысты қабылдай алу. Үнемі өсуге ынталану. Кедейлік психологиясындағы адам ешқашан белсенді болуға тырыспайды. Оны дұрыстап орындай алмасам қайтем дегеннен үрейден жаңа жұмыс іздеуге қорқады. Қолымнан келмес, бәрібір маған төлемей қояды деген ойдан қосымша жұмыс істемейді. Кедей адам пассив, сондықтан кедей.
6. Бәрі берешек
Кедейлік психологиясындағы адам үнемі өзіне жоғары жалақы төлеуі тиіс деп есептейді. Мен жұмысымды толық әрі мұқият орындап жүрмін деп сенеді. Бірақ жалақысы аз жұмысқа өзі келіскенін ескермейді. Бір жалақы тұрмыс-тіршілікке, демалысқа, балаға, өзіне жетуі тиіс деп біледі. Ақшасы жетпесе, бастық сараң деп ойлайды. Кедей адам бар жауапкершілікті өзгеге іледі. Айналада болып жатқанның бәрі менің ырқымнан тыс болып жатса, алға жылжудың не қызығы бар? Жұмысты артығымен орындасам да жалақым өспейді. Ендеше артық қимылдаудың не керегі бар?
7. Одан да үнемшіл болған дұрыс
Кедей адам ақшаны табуға емес, ақшаны жұмсамай ұстап тұруға күш-қуатын жұмсайды. Олар үнемі арзан дүкендерді аңдып жүреді. Үнемі коммуналды қызметтің арзандауын күтеді. Соған арызданады. Әлеуметтік көмек күтеді. Адам ынталанса, сондай ақшаны өзі біліп те табатынын ойламайды.
Өзіңе анықтап қарашы. Осы себептердің қайсысы бойыңда бар? Қайсысы болса да дереу құтылуға тырыс. Сенің өмірің – сенің қолыңда. Өзгер, талпын, тырыс, өс!
Эван Кармайкл
Аударған Шынар Әбілда
КЕДЕЙЛІКТІҢ 7 СЕБЕБІ
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора