КЕДЕЙ БЕС ТҮРЛІ САДАҚА БЕРЕДІ!

Бір күні жоқшылықтан жадап-жүдеген бір кедей көпті көрген дана қартты жолықтырып:
- Айтыңызшы, мен неге осындай кедей болып туылдым екен? &ndash деп налиды.
Данышпан оған:
- Себебі, сен адамдарға жомарттық танытпайсың, өте сараңсың, - деп жауап береді.
Бұл жауапқа таң қалған кедей:
- Қолымда беретін ештеңем жоқ, тапқаным өзімнен артылмаса, қалай жомарттық танытамын? &ndash дейді. Сонда қария:
- Негізі сенің адамдарға жақсылық жасауға мүмкіндік беретін 5 қабілетің бар. Сол мүмкіндіктеріңді оятып, жүзеге асырғаныңда бұлай демес едің, - дейді.
Таң қалған кедей оның қандай қабілет екенін сұрайды. Сонда данышпан:
Біріншіден, өзгелерге жымиып қара, күлімдеп жүр. Алла қаласа, осы арқылы да садақа жасап, сауапқа кенелуіңе мүмкіндік бар;
Екіншіден, айналаңа мейірленіп қара. Олар сенің көзіңнен тек жанашырлық пен жақсылық көретін болсын;
Үшіншіден, сен мылқау емессің, сөйлей аласың. Ендеше, адамдардан жақсы сөзіңді аяма;
Төртіншіден, жүрегің тоқтаусыз соғып тұр. Ендеше, бар ықыласыңмен, жан-тәніңмен беріліп тұрып басқаларға жақсылық тіле. Олардың өмірінің берекелі, тұрмыстарының шырайлы болуы үшін дұға жаса;
Бесінші, аяқ-қолың сау. Ендеше, денсаулығыңды пайдаланып, жұртқа пайдалы істерді атқар. Көмектес, - дейді.
Қарттың бұл әңгімесі кедейді қатты ойландырады. Иә, адамды бай қылатын - дүние-мүлкі мен ақшасы емес, қардай аппақ пейілі мен адал, таза көңілі екен!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста