Ғалымдар мұның себебін аймақтағы шектен тыс аптап ыстықтың салдарынан адам өлімі орын алуымен түсіндірді.
«Біз, ислам дініне жауапты мамандар, әртүрлі телеарналардан адамдардың, әсіресе, Карачи тұрғындарынан аптап ыстыққа байланысты ескерту жасадық. Ыстық салдарынан күрделі жағдайлар туындауда» дейді Тахир Ашрафи есімді пәкістандық ғалым.
«Ислам дінінде ораза ұстау ережелері бар. Қасиетті Құранда ауру немесе сапардағы адамдар ораза ұстаудан босатылады. Бұл адамдар оразасын кейін өтей алады. Сондай-ақ, оразадан әлсіз, қарт кісілердің ауырып не өліп кетуі мүмкін болғандықтан оразадан босатылады» деді ол.
Бүгінде Карачидегі ауа температурасы 45 градусты көрсетіп отыр. Аптаптан кемінде 780 адам көз жұмды. Карачи ауруханасына 3 000-нан аса ыстықтың салдарынан түскен.
Пәкістан ғалымдарының осы пәтуасынан кейін ел тұрғындары оразаны тоқтатты. «Бұл мына ыстықтан аман өтудің жалғыз жолы» дейді күні бойы көшеде сауда жасайтын Субах Садық.
Дегенмен, Карачидің кей тұрғындары ауыз бекітуді жалғастыруда. «Әзірге өмірім таусылған жоқ, оразамды жалғастыра беремін. Күш-қуатым да әлсіреді дей алмаймын» дейді 34 жасар күзетші Шамим-ур-Рехман.