КАҒБАДАН БАСҚА ҮЙДІ ТӘУАП ЕТУДІҢ ҮКІМІ

КАҒБАДАН БАСҚА ҮЙДІ ТӘУАП ЕТУДІҢ ҮКІМІ

Шариғат бойынша қасиетті орындарды, қабірді зиярат етуге, зиратта жатқан марқұмдарға сәлем беріп, дұға жасауға рұқсат етіледі, бірақ оны айналып, тәуап ету, қабірге қарап намаз оқу, аруақтан көмек сұрау және дінде айтылмаған басқа да іс-әрекеттерге бару дұрыс емес - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі fatua.kz-ке сілтеме жасап.

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

 

زُورُوا الْقُبُورَ فَإِنَّهَا تُذَكِّرُكُمُ الْآخِرَةَ

 

«Қабірді зиярат етіңдер! Өйткені, ол сендерге ақыретті еске түсіреді»[1], – деп, сахабаларға қабірді зиярат еткенде марқұмдарға қалай сәлем беріп, дұға етуді үйреткен»[2].  

 

Ал, тәуап (Кағбаны айналу) – ол ғибадат. Мұсылмандар қасиетті Қағбаны ғана айналып, тәуап етуге бұйырылған.

 

Алла Тағала: ﴿ وَلْيَطَّوَّفُوا بِالْبَيْتِ الْعَتِيقِ ﴾ «Ежелгі Үйді (Кағбаны) тәуап етсін!»[3] – деді.  

 

Қағба – әлемдегі барлық мұсылмандардың қасиетті мешіті, үйі.

 

Алла Тағала: ﴿ إِنَّ أَوَّلَ بَيْتٍ وُضِعَ لِلنَّاسِ لَلَّذِي بِبَكَّةَ مُبَارَكًا وَهُدًى لِّلْعَالَمِينَ ﴾

 

«Асылында, адамдар үшін (жер бетінде) құрылған үйдің ең алғашқысы – Меккедегі (әл-Харам мешіті). (Ол үй) әлемдер үшін мүбәрак әрі жолбасшы ретінде (құрылған)»[4], – деген.

 

Қағбаға ешбір мешіт және басқа да құрылыс нысаны теңесе алмайды.   Сондықтан мұсылман ғалымдары Қағбадан басқа орынды тәуап етуге қатаң тыйым салды, оны харам санады.

 

لا يجوز الطوافُ حول سائر بيتٍ تشبّهًا بالطواف حول الكعبة، و لو طاف حول مسجدٍ سوى الكعبة يُخشى عليه الكفرُ  

 

Қағбаны тәуап еткендей басқа үйді айналу дұрыс емес. Тіпті оның діннен шығып кету қауіпі бар[5].

 

قال الملّا عليّ القاري الحنفيّ لا يطوف أي لا يدور حول البقعة الشريفة لأن الطواف مِنْ مختصّاتِ الكعبة المنيفة فيحرم حول قبور الأنبياء والأولياء ولا عبرةَ بما يَفعلُه الجهّالُ ولو كانوا في صورة المشائخ والعلماء

 

Ханафи мәзһабының ғалымы, қари Мулла Али: «Кез келген жер айналып тәуап етілмейді. Өйткені, тәуап – қасиетті Қағбаға ғана тән ғибадат. Пайғамбарлардың, әулиелердің қабірін айналуға тыйым салынады. Кейбір адамдардың өздерін машайық, ғалым көрсетіп, мұндай іс-әрекеттерге баруы басқаларға ғибрат болмауы тиіс», – деген[6].      

 

Ең дұрысы Алла Тағалаға ғана мәлім!      

 

 

 

Хасан АМАНҚҰЛОВ

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста