ИСТИХАРА НАМАЗЫ ҚАЛАЙ ОҚЫЛАДЫ?

«Истихара» сөзі «жақсылық іздеу», «бір істің ең қолайлысын таңдау» деген ұғымды білдіреді. Мұсылман адам мубах саналған екі істің қайсысын істеуді білмеген кезде, оның абзалын әрі ұтымдысын таңдау үшін екі ракағат истихара намазын оқиды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі muftyat.kz-ке сілтеме жасап.

Истихара намазында қалаған сүрені оқуға болады. Алайда бірінші ракағатта «Кафирун» сүресін, екінші ракағатта «Ықылас» сүресін оқу – мұстахаб (Хашияту Тахтауи, 397). Намаздан кейін истихара дұғасын оқиды. Содан соң көңілі қанағат еткеніне қарай әрекет етеді.

 

Бұл тұралы Жабир ибн Абдулла (Алла оған разы болсын) былай деген: «Алла елшісі бізге Құран сүресін үйреткені секілді барлық істе истихара етуді (ішінен ең тиімдісін таңдауды) үйрететін және парыздан тыс екі ракағат намаз оқып, мына дұғаны оқуды айтатын: «Уа, Алла! Шынымен, мен Сенен жақсылықты, күш-қуатты және кеңшілігіңді сұраймын. Өйткені менің шамам жетпейтін нәрсеге Сен құдіреттісің, мен білмейтін нәрсені Сен білушісің. Сен ғайыпты өте жақсы білесің. Уа, Алла! Егер осы (бастағалы тұрған) ісімді дінім, тіршілігім және ақыретім үшін қайырлы деп білсең, онда оны маған нәсіп қыл, аса қиындатпа, соңын берекелі ет! Ал егер осы ісімді дінім, тіршілігім және ақыретім үшін жаман деп білсең, онда мені ол істен, ол істі менен аулақ ет! Қай жерде болсам да, мен үшін жақсылығыңды жақын ет! (Уа, Жаратқан Ием!) Расында, барлық нәрсеге Сенің құдіретің жетеді» (Бұхари).

 

Осы дұғаны оқып Алла Тағаладан қажетін сұрайды. Сосын бастағалы тұрған ісіне көңілі тартса, жақсы үмітпен бастайды. Ал көңілі тартпаса, ол істі істеу-істемеу өз еркінде болады. Бұл жайында нақты белгі болатын бір түс көруі де мүмкінделінген. Намаз оқуға жағдайы келмесе, яғни үзірлі әйелдер истихара дұғасын жасаса да болады.

 

Егер қайсы істі істейтіні туралы нақты шешім таппаса, онда истихара намазын қайта оқиды. Сөйтіп намазды жеті ретке дейін оқуға болады (Раддул-мұхтар, 2/26). Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)Анас есімді сахабаға қарай: «Уа, Анас! Бір істі бастайтын болсаң, сол іс жайында Алла Тағаладан жеті ретке дейін истихара ет. Сосын оның нәтижесіне қара. Көңілің нені қаласа, соны таңда, сен үшін сол нәрсе тиімді»,– деген (Ибн Сунни).

 

Истихара – бір істі бастағанда Алла Тағалаға жалбарынып, жақсы жолға салуды сұрау. Ол пендені Алла Тағаламен байланыстырады. Осыдан-ақ намаздың мұсылман үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Біз тіпті дүние істерінде де Алла Тағаланың Өзінен кеңес сұрай аламыз.Сонымен қатар әрбір жағдайда ең алдымен істі жақсы білетін, мәселені түсінетін, тәжірибесі бар, ізгі кісілермен ақылдасып, кеңесіп отыруды ұмытпау қажет. Себебі Алла Тағала: «(Уа, Мұхаммед!) Олармен (айналаңдағы адамдармен) әр істе кеңесіп отыр», – деп бұйырған («Әли Имран» сүресі, 159-аят).

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста