Ислам хиджамасы (қан алдыру)

Хиджама сөзі араб тілінен аударғанда «сору» деген мағынаны білдіреді. Хиджама ежелден келе жатқан емделудің ең тиімді жолы. Бүкіл Пайғамбарлар қолданған. Алла Елшісінің (с.ғ.с.) де әрдайым қан алдырып отырғанына хадистер нақты дәлел. Ата-бабаларымыз хиджаманың көп сырқатқа шипа екенін біліп, қан қысымы, бас ауруы қан қоюлануы мен рухани кеселдердің алдын алып, емдеп отырған. Хиджаманы бұрынғылар шертпе, мүйіізбен арам қан шығару деп те атаған.
Хиджама – емдеудің исламдық әдісі. Бұл денедегі, жандағы және рухтағы барлық аурудан жазылуға әсер етеді. Әбу һурайра (р.а.) жеткізген хадисте Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай деген: «Жәбірәйіл (ғ.с) маған қан алу – адамдарды емдеудің ең озық әдісі екенін хабарлады» («Сахих жами’и-с-сағир», 218).

Хиджама қалай жүзеге асады?
Терінің жоғарғы жағындағы белгілі бір орындарды тілу арқылы қан шығарылады. Қан алу үшін қазіргі заманауи құралдарды пайдаланған дұрыс. Ауру бір науқастан екіншісіне жұқпау үшін әрбір емделушіге жеке құрал-жабдықтары қарастырылуы тиіс.
Хиджама жасалғанға дейін және кейін барлық құралдар тазаланып, дезинфекциялануы керек. Осы мақсатта «Бетадин» не басқа медициналық спиртті пайдаланған жөн. Әрбір ем қабылдаушы үшін бұрын қолданылмаған жаңа құралдарды пайдалану қажет.

Хиджамаға қатысты хадистер

1) Әнас ибн Мәлік (р.а.) Алла Елшісінің (с.ғ.с.) былай дегенін айтады: «Егер де кімде-кім денесінен қан алдырғысы келсе әр айдың 17, 19 немесе 21 күндерін таңдасын, оның өлімге әкелуіне жол бермеңдер» («Сахих сунан Ибн Мәжә», әл-Әлбани, 2808).
2) Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Егер де сіздерден біреулеріңіздің қаны тасыса, одан қан алу қажет, қан тасыған жағдайда адам өліп те кетуі мүмкін» («Силсиләтул-ахадисис-сахих», 6/562, №2747). («Қанның тасуын» қан қысымының көтерілгені деп түсінген жөн )
3) Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ақиқатында, қан алдыру – сауықтырады»,–деген (әл-Бұхари, Мүсілім, Жабирден риуаят етілді).
4) Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Ашқұрсақ кезінде қан алдырған жақсы. Ол ақылды толықтырады, адамның есте ұстау және жаттап алу қабілетін жақсартады» («Сахих сунан Ибн Мәжа», 2810).
Алайда, осыған қарап хиджаманы таңертең ерте жүзеге асыру керек екен деп ой түймеген абзал. Кейбір жандар Рамазан түндерінде де денесінен қан алдырған.

Хиджаманың түрлері

1) Сырқаттың алдын-алу мақсатында былайша жасалады:
Әр айдың 17, 19 және 21 күндері.
Аптаның дүйсенбі, сейсенбі және бейсенбі күндері
Ескерту: Егер айтылған сандар аптаның осы күндерімен сәйкес келмесе, онда аптаның күніне емес күн санына қараған дұрыс.?
2) Қажет жағдайда

Хиджаманың бұл түрі үшін қандай да белгіленген уақыт жоқ. Мұны қажет жағдайда кез-келген уақытта жасауға болады. Мысалы, Алла Елшісі (с.ғ.с.) аттан құлап, табанын зақымдап алғанда хиджама жасатқан («Сахих сунан Ибн Мәжә», 2823).

Хиджама кезінде тілінетін жер
1. Бастың төбесі.

2. Еңбек.

3. Мойынның қапталдары (мойын тамырлары орналасқан жер).
4. Арқаның жоғарғы бөлігі (жауырындар арасындағы кеңістік).
5. Табанның жоғарғы бөлігі.
6. Желке.

7. Желкенің терең бөлігі (желке сүйегінен бастап және төмен).
Имам Ибн әл-Қайим (р.а.) Пайғамбар (с.ғ.с.) қолданған емдеу әдісі туралы «Задул-маад» кітабында былай дейді: «Желкеден қан алуға байланысты дәрігерлердің пікірі екіге жарылған. Олардың бір бөлігі мұны дұрыс десе, ал қалғандары қарсылық танытқан. «Егер мұқтаждыққа сәйкес жүзеге асырылмаса, мидың артқы бөлігін әлсіретеді. Егер де мұндай қан алу қан тасуына байланысты іске асырылатын болса, онда бұл ем ретінде де, шариғат тұрғысынан да пайдалы».
Ескерту: Хиджаманы белгіленген орындарда еркектерге және әйелдерге жасауға болады, сонымен бірге тілінетін жердегі түкті қырып тастамаса да болады.

Пайдасы бар. Кері әсері ше?
Алла Елшісі (с.ғ.с.) былай дейді: «Ақиқатында, қан алу – сауықтырады» (әл-Бұхари, Мүслім).
Ешқандай кері әсері болмайды. Өйткені Алла Елшісінің өзі (с.ғ.с.) былай деген: «Ақиқатында, қан алу – сауықтырады» (әл-Бұхари, Мүсілім).+

Хиджаманы үлкен-кіші, бәріне де, сондай-ақ жүкті әйелдер мен емшекте баласы бар әйелдерге де жасауға болады. Тіпті әйелдер хайыз (етеккір) және нифас (туғаннан кейін қан кету) кезінде де, қандай да бір себептермен хайыз келмеген кезде де жасай алады. Хиджама қандай ауруға болса да ем.

Мыналарды ескерген жөн:

1) Қанды жерге көму, хиджамадан кейін ғұсыл құйыну міндетті емес. Жыл сайын бір мезгілде күндіз, не түнде жасау деген белгілі уақыт жоқ.
2) Хиджаманы аш құрсақ кезде жасау керек деген сөз, оны ертерек жүзеге асыру дегенді білдірмейді.
3) Қан тоқтаған кезде ғана хиджама аяқталған болып есептеледі.
4) Хиджама нәтижесінде шыққан қан ауру таратпайды.
5) Тілмей қан алу хиджама болып саналмайды. Керісінше, Алла Елшісі (с.ғ.с.) хадисте «михджаммен тілу» жөнінде еске салады.
6) Хиджамадан кейін төсек қатынасында болу зиян деген пікірдің ешқандай негізі жоқ.
7) Хиджамаға дейін және одан кейін де сүт өнімдерін тұтыну зиян деген пікір де дәлелденбеген.
9) Әйелдердің хайыз не нифасының келуі хиджаманың орнын баспайды.
10) Хиджаманың барлық түрлерін бір күнде жүзеге асыруға болады.
Дайындаған Тастан Әлібеков 

Muslim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста