Елге белгілі имам, ұстаз Қабылбек Жұмабеков ел ішіне бүлік салғандардың шариғат бойынша жаназасы оқылмайтынын айтты. Оның бұл сөзін көпшілік қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
"Шариғат бойынша бандиттердің жаназасы оқылмайды. Арабтар ондай адамның денесін қоқысқа лақтыра салыңдар деген. Олардың жаназасы шығарылмайды. Не үшін? Біредің хақысыа кіру — шариғатта өте үлкен қылмыс," — дейді ұстаз.
ҚМДБ өкілдері де ел ішіне бүлік салғандарға, соғыс ашқандарға, аса ауыр қылмыс жасағандарға ақтық намазы оқылмайтынын мәлімдеген болатын. Діндарлардың айтуынша, өмірден өткен адамның жаназасы оқылмаған жағдайда оның рухы қиналады.
Айта кетейік, елімізде террорлық шабуыл жасағандардың денесі туыстарына берілмейді. Оларды қалалық әкімдік бөлген жердегі шұңқырға нөмірлеп көміп тастайды.