Әбу Һурайра (р.а.):
«Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.):
Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? - дегенде,
Сахабалар:
Алла пен Оның елшісі бізден жақсы біледі - деді.
Алла Елшісі (с.ғ.с.):
Ғайбат - мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың - деді.
Сахабалардың бірі:
Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? - деп сұрады.
Сонда ол:
Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың - деп айтты» - деген.
(Муслим риуаят еткен)
mazhab.kz