«Фил» сүресінде айтылатын Әбәбил деген қандай құс?

Әбәбил құстары туралы Құран Кәрімнің, өзіңіз айтқандай, «Фил» сүресінде айтылады. Сүреде:

(Мұхаммед (ғ.с.) Раббыңның піл иелеріне не істегенін көрмедің бе? (1)
Олардың айлакерліктерін босқа жібермеді ме? ( 2)
Оларға топ-топ құс жіберді. (3)
Құстар оларға балшықтан жасалған тастар атып; (4)
Сонда оларды желінген топан тәрізді қылды. (5)

Бұл жердегі «тойрон әбәәбиил» деген сөздің аудармасы – топ-топ құстар. Яғни, әбәбил дегеніміз қандай да бір құстың аты емес, «топ-топ құстар» деген мағынаны білдіріп тұр.

Аталмыш аят жөнінде имам Табари өз тәпсірінде: «Әбәбил» – топ-топ, бірінен соң бірі, жан-жақтан келген» деген мағына берген.

Ал, Құрандағы осы аяттың түсуіне себепкер болған оқиға Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз дүниеге келетін жылы орын алған болатын.

Иемен патшасы Абраха әл-Ашрам өз елінде қажылар келу үшін ғибадатхана салдырды. Бұны естіген Кинана тайпасынан бір адам салынған ғимараттың есіктерін нәжіспен былғап кетеді. Ашуға булыққан Абраха қасиетті Қағбаны қиратуға ант ішіп, ашуға мінеді. Күллі әскерін жинап, тіпті, жорыққа үлкен пілдерін де пайдаланады. Пілден қорыққан Мекке халқы тауға қашып кетеді. Сол сәтте теңіз тарапынан топ-топ құстар келіп екі аяғы мен тұмсығына тістеген балшықтан жасалған тастармен Абраханың әскерін жамсатып салады. Осылайша, қасиетті жерге қол сұқпақ болғандардың жолы кесілген еді.

Қанат Қыдырмин
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы
muslim.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста