Пенденің өз әлсіздігін сезініп, шынайы ниетпен Алла Тағаладан көмек сұрауын дұға дейді. Жүректен шыққан әрбір дұға қабыл болары сөзсіз. Отбасы берекесін сақтау үшін, ерлі-зайыптылардың білуі қажет Құрандағы дұғаларды білесіздер ме?
Уа, Раббымыз! Бізге осы дүниеде де жақсылық бере гөр, ақиретте де жақсылық бере гөр және бізді тозақ отынан сақтай гөр! (Бақара, 201)
Уа, Раббым! Маған өз тарапыңнан пәк әрі қайырлы ұрпақ нәсіп ете гөр! Шүбәсіз, Сен дұғалардың бәрін естушісің! (Әли Имран, 38)
Уа, Раббым! Мені һәм ұрпағымның ішінен намазды кемеліне жеткізіп, үзбей оқитын құлдарың ете гөр! Уа, Раббымыз! Дұға-тілегімді қабыл ете көр!
Уа, Раббымыз! (Алдыңда тұрып) есеп беретін күні мені, ата-анамды және күллі мүміндерді кешіре гөр! (Ибраһим, 40-41)
Уа, Раббым! Маған һәм ата-анама нәсіп еткен қисапсыз нығметтеріңе лайықты түрде шүкіршілік етуді және үнемі Өзіңді разы ететін игілікті істер істеуді көңіліме ұялатқайсың. Сондай-ақ маған (иманды, ата-анасын құрметтейтін) ізгі ұрпақ нәсіп еткейсің! Расында, мен тәубе етіп, бір Өзіңе жан-тәніммен бет бұрдым. Анығында мен Өзіңе қалтқысыз мойынсұнғандардың бірімін. (Ахқаф, 15)