Пайғамбар (солаллаһу аләйһи уә сәлләм) хадисінде, бір күні Са'д ибн 'Убәдә дауыс көтеріп айтты:
«Егер де мен әйелімді бөтен еркекпен көрер болсам, онда оның қылышпен ұрамын». Сол кезде Алла елшісі: «Сендерді Са'дтың қызғанышы таң қалдыра ма? Шын мәнінда, мен одан қызғаншақпын, ал Алла менен де қызғаншақ» [Бухари]
Тағы бір риуаятта Әбу Бәкрқызы Әсмә (Алла оларға разы болсын) былай деген:
«...Бір күні мен құрма көтеріп келе жатқанда, жолда Пайғамбарды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көріп қалдым. Ол түйесімен жаныма жақындап "Их, их!" (түйені отырғызу үшін осылай айтады) артына отырғызуды нұсқады. Мен ер кісілермен бірге жүруді қаламайтынмын әрі күйеуім Зубәйрдың қызғанышы есіме түсті. Ол ең қызғаншақтардың бірі болатын. Пайғамбар менің ұялып тұрғанымды байқады да әрі қарай жүріп кетті. Мен үйге келген соң күйеуім Зубәйрға болған оқиғаны айттым: “Басымда құрма көтеріп келе жатқанда, Пайғамбармен бір топ ансарларды жолықтырдым. Пайғамбар маған түйесінің артына отыруды нұсқады. Мен сенің қызғанышыңды есіме алып, ұялдым...”»
[әл-Бухари]
Алла Елшісі ﷺ өзінің жұбайларын соқыр сахаба Абдулла ибн Умму Мактумнен (радиаллаһу әнһ) қызғанған болса, өз жарларының суретін ғаламторға жүктеп, тегін көрме жасаушы бауырларымыз туралы не айтуға болады? Әлде олардың да жарлары осыған разы ма?
Алла Елшісі ﷺ айтады:
"Мына үш адам жәннатқа кірмейді және Қиямет күні Алла Тағала оларға назарын салмайды: Ата-анасына қарсы келуші адам, еркектерге ұқсаушы әйел, әйелін қызғанбайтын еркек"
© Нәсәи, Ахмад, Баззар | Ибн Хажар әл-Хайтами сахихтығын растаған, “әз-Зауаджир” 1/155.