Ең қымбаты 800 мың теңге: Биыл құрбандыққа шалынатын мал бағасы қандай болып тұр

Ертең, 20 шілде қасиетті Құрбан айт мейрамы басталады. Шамасы жеткен әр мұсылман сауапты іс үшін құрбандық шалады. Биыл пандемияға байланысты құрбан шалу екі жолмен өткізіледі. "Қызыл" аймақта онлайн, ал "сары" және "жасыл" аймақта дәстүрлі жолмен де, онлайн да құрбан шалуға болады. Stan.kz ақпарат агенттігі мереке қарсаңында құрбандыққа шалынатын мал бағасы қанша екенін білді.

Әр облыста құрбан шалу орны дайындалып, рәсім жергілікті әкімдік пен санитар дәрігерлердің рұқсатымен және тәртіп сақшыларының қадағалауымен атқарылады. Басты талап – карантин талаптарының қатаң сақталуы.

 
Онлайн құрбан шалуға қатысты мәлімет алғысы келген кез келген азамат діни басқарма мен облыстық мешіт жанынан құрылған ақпарат беру орталықтарына хабарласа алады.

Құрбандық шалу qurban2020.kz сайты арқылы жүзеге асады. Сайт үш бөлімнен тұрады:

құрбан малын шалу үшін тапсырыс беру;
құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін);
құрбан шалынғаны туралы мәлімет.
Тапсырыс беру кезінде ең алдымен өңірді таңдау қажет. Кейін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді жазып, шалуға ниетті құрбандық малын белгілейсіз. Құрбандыққа қой, ірі қара, ешкі және түйе ұсынылады. Ірі қара мал мен түйені бір немесе жеті адам бірлесіп таңдай алады. Ал қой мен ешкіні бір адам таңдайды. Одан кейін экранда құрбан малының құны шығады.

Тапсырыс мәліметтерін толтырып біткен соң "құрбандық есебі қажет пе?" деген сауалға жауап беру қажет. Алайда, құрбандық туралы фото және бейне есеп алу үшін тапсырыс берушінің телефонында WhatsApp мессенджері болуы міндетті.

Бұдан соң электронды тапсырыс нөмірі беріледі және төлемақы жасауға қажетті реквизиттер ұсынылады. Төлем жасалғаннан кейін телефонға тапсырыстың қабылданғаны жөнінде хабарлама келеді.

Құрбандық малының бағасы әр өңірде әртүрлі:

Ең қымбат қойдың бағасы Қарағанды облысында – 75 000 теңгеден, 
Ең арзаны Жамбыл облысында – 60 000 теңге
Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен мен Семей, Солтүстік Қазақстан облысы, Павлодар облысында – 65 000теңгеден болса
Қалған өңірлерде бірыңғай 70 000 теңгеден сатылып жатыр. 
Ал ірі қараға келетін болсақ, ең жоғарғы баға Шымкент қаласы мен Атырау, Маңғыстау, Павлодар, Ақмола облыстарына тиесілі – 450 000 теңге. 

Бұдан кейін Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облысында ірі қара құны – 420 000 теңге. 
Алматы, Батыс Қазақстан облыстары мен Семейде – 400 000 теңге
Талдықорған мен Ақтөбе облысында – 370 000 теңге
Өскеменде – 390 000 теңге
Қостанай облысы – 385 000 теңге
Алматыда – 371 000 теңге
Ал ең төменгі баға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында – 350 000 теңгеден болып тұр. 
Сондай-ақ, құрбандық малдарының арасында ешкі мен түйе де бар. 

Ең қымбат құрбандық ешкісі Ақтөбе облысында 55 000 теңгеден сатылса, ең арзан құрбандық ешкісі – Шымкент, Талдықорған және Жамбыл, Павлодар облыстарында – 40 000 теңгеден болып тұр.

Ал түйенің ең жоғарғы бағасы

Талдықорған мен Түркістан облысында – 800 000 теңге
Ең арзан құрбандық түйесі – Маңғыстау мен Шығыс Қазақстан облыстарында 500 000 теңге
Шымкенте түйе бағасы– 700 000 теңге болса, 
Алматы облысы мен Қызылорда облыстарында –  600 мың 
Атырау облысында – 750 000 теңге

1 320 000 теңгесі бар адам құрбандық шалуға міндетті: Имам құрбандық шалудың ережесін түсіндірді
Құрбан Айт қарсаңында Алматыға кіре берісте бекеттер орнатылады

Сондай-ақ, мұқтаж жандар да құрбандық етін алуға өтініш бере алады.

Ол үшін сайттың "құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру" бөліміне өтіп, келесі мәліметтерді жазу қажет:

өңір аты;
ЖСН, аты-жөн, телефон нөмірі, етті жеткізетін мекенжай;
әлеуметтік жағдайын (көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі, жалғызбасты және т.б.) таңдап, оны растайтын құжатты жүктеу керек.
Өтініш берген мұтаж жандарға құрбандық етін волонтерлер таратады

Stan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста