Ең алғашқы ислам академиялары қай кезде пайда болған?

Дін ислам ғылымды ардақтайды, сол үшін діндегі ғалымның мәртебесі де жоғары: «Білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» (Зумар: 9). Аяттан көргеніміздей білімді адам мен білімсіз адам тең емес, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kazislam.kz-ке сілтеме жасап.

Еуропада алғашқы академиялар XII-XVI ғасырларда қалыптасып пайда болып жатқанда мұсылман әлемінде білім академиясы IX ғасырда бар еді. Бұл әл-Мамун халифтің әмірімен Бағдатта тұрғызылған, аты әлемге әйгілі «Бәйт әл-Хикма» (Даналық үйі – Дом мудрости) академиясы.

 

Ислам академиясының басты мақсаттарының бірі – үнді, грек тілдеріндегі астрономия, математика, медицина, химия, метафизика, философия т.б. шығармаларын араб тіліне аудару еді.

 

Мұнда қандай тілде болсын білім туралы кітап алып келген адамға немесе аудармашыға сол кітаптың салмағымен тең күміс берілген. Шығарманың тіліне, оның авторының дініне қарап ажыратпады. Бұл білім мен ғылым ордасында көптеген мұсылман ғалымдарымен қатар яһуди, христиан ғалымдары да дәріс берген.

 

Мысалы, әйгілі әл-Фараби осы жерден дәріс алған уақытта оның логикадан дәріс берген ұстазының бірі Йоханна ибн Хайлам есімді христиан болған.

 

Бұл академияда жоғарыда айтып өткеніміздей дін ғылымдарымен қатар мантық, грамматика, астрономия, физика, математика, алхимия, медицина, инжинерия, сөз өнері және т.б. ғылымдар үйретілген.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста