Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өтіп жатқан «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты халықаралық конференцияда көне түркі тіліндегі Құран кітабы таныстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Президентіміз айтқандай, экономикамен қатар мәдени-гуманитарлық бағыттарға да үлкен мән беруіміз шарт. Осы бағытта түркі интеграциясына Халықаралық Түркі академиясы үлкен үлес қосып отыр деп ауыз толтырып айта аламыз. Академия бауырлас түркі халқының мәдени-гуманитарлық байланысын нығайтуға зор еңбек сіңіруде. Түркінің тарихына, тіліне, мәдениеті мен әдебиетіне қатысты іргелі зерттеулер жүргізе отырып, біртұтас рухани әлемімізді байыту жолында ауқымды жұмыс атқарып келеді. Солардың бірі Академияның ұйытқы болуымен жарық көріп, бүгін көпшілікке таныстырылып отырған көне түркі тіліндегі Құран кітабы», - деді Сенат спикері. Айтуынша, қасиетті Құранымыз осыдан 1000 жыл бұрын араб тілінен көне түркі тіліне алғаш рет аударылған екен. «Мұның өзі сол кездегі түркі ғылымының жоғары деңгейін көрсетеді. Түркі өркениеті 8-9-ғасырлардың өзінде озық дәрежеге көтерілгені тарихтан белгілі. Қасиетті Құран кітабының сол кездегі факсимиле нұсқасында қайта басылуы дінтанушылар, тарихшылар, жалпы тұтас түркі жұрты үшін маңызды оқиға», - деді Мәулен Әшімбаев.
ҚазАқпарат
Елордада көне түркі тіліндегі Құран кітабы таныстырылды
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора