Ей, имам! Соқырмысың…

Ей, имам! Соқырмысың…

Ханбали мәзһабының негізін қалаушы – ең әйгілі хадистанушылардың бірі бағдаттық ғұлама Ахмад ибн Ханбал (Алла одан разы болсын) жамағаты көп бір мешітте имам болатын. Мешіт жамағатының көптігін ұнатқан, әрі санын білгісі келген бір адам келіп Ахмад ибн Ханбалдан;

 

– Имам мырза! Мешітіңізге намазға келушілердің шамамен қанша кісі екенін айта аласыз ба?, – деп сұрайды.

 

Сонда имам,

 

– Айта алмаймын, себебі ешкімді көріп тұрғаным жоқ, – дейді.

 

Сұрақ қойған адам өзін-өзі ұстай алмай, ашулы күйде имамға дөрекі түрде;

 

– Ей, имам! Соқырмысың, жан-жағыңды көрмеймісің?!, – дейді.

 

Хазреті имам Ахмад ибн Ханбал еш ашуланбастан, көркем мінезімен сұрақ қоюшы кісіні ренжітіп алмайын,  әрі өзгелерге де өмірлік сабақ болсын деп, шынайы ниетпен былай деп жауап берген екен;

 

– Соқыр деп көзі көрмейтін емес, көңілі соқыр болған, яғни көрсоқыр жандарды айтады. Олар, Құбылаға жүзін бұрып, жетімдер мен мұқтаж жандардан теріс айналған кісіні,

 

Алла Тағалаға сәжде етіп, Оның құлдарына тәкәппарланған пендені,

 

Мешіттің алдыңғы саптарында намаз оқып, бірақ аш қалған жандардың хәлін ұқпайтын және ақиқатты сөйлеуден қорқатын кісіні,

 

Күнде садақа беруге шамасы жете тұрып, тек діни мейрамдарда, белгілі күндерде ғана садақа беретін пендені,

 

Ішіп жеуден тыйылып ораза тұтқанымен, арам тірліктерден ораза тұтпаған, яғни арам, күмәнді нәрселерден сақтанбаған кісіні,

 

Қасиетті қағбаны тауап ету үшін зиярат етіп, бірақ жан-жағындағы кедей-кепшіктерді зиярат етуді (оларға мән беруді) ұмытқан пендені,

 

Ораза тұтып, намаз оқи тұра жасаған саудасында адамдарға затын өткізу үшін өтіріп айтып, алдаған кісіні,

 

Намаз оқып, бірақ оқыған намазының нәтижесінде жаман мініздерінен арылмаған пендені, Дінді ұстану барысында шариғат шарттарының өзіне ыңғайы келгенін ғана ұстанып, нәпсісіне ауыр келгенін тәрк еткен кісіні,

 

Өзін білімді санайтын, бірақ ешнәрсе білмейтін кісіні, НАҒЫЗ СОҚЫР, КӨРСОҚЫР деп айтады, – деген екен.

 

Бұл жауапты естіген сұрақ қоюшы кісі де үнсіз ғана сыртқа шығып кеткен деседі.

 

Алла Тағала біздерді рухани көрсоқырлықтан сақтасын. Ақиқат пен жалғанды ажырата алатын, әділдікті ту еткен мүміндерден болуымызды нәсіп етсін. Әмин!

 

 

Кazislam.kz

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста