Дұғаңыз неге қабыл болмай жүр?

Дұғаның шарттары :

1.Дұғаның қабыл болуы үшін мына дүниенің өзіндік заңдары мен себептерін ешбір ақаусыз атқаруымыз қажет. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тек қана дұға етіп қана отырмай, ол үшін қажетті шарттардың бәрін орындаған. Мәселен, Бәдір шайқасында Алланың елшісі бүкіл дайындықтарын жасағаннан кейін барып, қол жайып Жаратқаннан медет тілеген болатын. Сондықтан ғалымдарымыз дұғаны екіге бөліп қарастырған. Біріншісі «фиғли дұға», яғни, ісіміз арқылы Ұлы Жаратушыдан тілеу. Мысалы, жер жыртып, дән сеуіп, оны жаз бойы суарып, өсіп-жетілуі үшін керекті барлық іс-шараларды атқару. Мұндай дұға Алла тағаланың орнатқан заңдары мен себептерін орындау арқылы жүзеге асатындықтан көбіне қабыл болады.

Ал, екінші дұға «қаули дұға», яғни, сөзбен, не жүрекпен тіленетін дұға. Қаули дұғадан бұрын фиғли дұға жасалуы керек. Іс істемей жатып, жасаған барлық дұғаларды Алла тағала қабыл ала беретін болса, елдің бәрі жатып-ішер жалқауға айналар еді. Ал, Алла тағала құлдарының жалқау болуын, әлбетте, қаламайды. Әр сұрағанымызды Алла тағала сол мезет бере берсе, дүниедегі тепе-теңдік бұзылар еді.

2. Дұғаны шынайы ықыласпен жасау. Құрандағы: «Аллаға шынайы ықыласпен дұға етіңдер» деген аят осыған шақырады. Ал, Алла елшісі (с.ғ.с): «Біліп қойыңдар! Алла тағала құлықсыз жүрекпен жасалған дұғаны қабыл етпейді» , – дейді.

3. Харам аспен қоректенбеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде бір адамның алыс сапарға шығып, алба-жұлбасы шыққан кейіпте екі қолын көкке көтеріп, Алладан тілек тілегені жайлы жеткізе келе: «Алайда, оның ішкен-жегені, киген киімі харам болса, дұғасы қалай қабыл болсын?» деген. Адамдардың көбісі дұға жасай салып, дұғам қабыл болмайды деп шағым айтып жатады, алайда ішкен-жегені мен нәпақасын қалай тапқанына аса көңіл аудармайды. 3. Құбылаға қарап, дұға жасау. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) дұға тілерде құбылаға қарап, дұға жасағаны жайлы Жәбир ибн Абдуллаһ былай жеткізеді: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Арафатқа келгенде, құбылаға қарап күн батқанға дейін дұға жасаған».

4. Дұға жасағаннан кейін бетті сипау. «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұға жасаған кезде қолдарын көтеріп, бетін сипамастан түсірмейтін еді».

5. Қасиетті мекендер мен уақыттарда жасау. Дұға жасауға кез-келген уақыт пен кез-келген орын лайық. Бірақ ерекше аталған қасиетті жерлер мен қадірлі уақыттарда жасалған дұғаның айрықша қабыл болатыны туралы да хабарлар бар. Сол хадистің бірінде: «Құл сәжде кезінде Раббысына ең жақын болады. Сондықтан сәждеде мол дұға жасаңыздар» деген. 6. Дұға тілегенде тек бір Алладан ғана сұрау. Құран Кәрімде: «Алла тағаладан басқа пайда да, зиян да келтіре алмайтыннан (пұттардан) дұға тілемеңдер» , – дейді.

7.Алла тағаланың көркем есімдерімен дұға тілеу. «Раззақ» есімі арқылы ризықтың сұралуы, «Рахим» есімі арқылы мейрімділіктің қалануы, Шаафи есімі арқылы неше түрлі ауруларға шипа тіленуі дұғаның бір хикметіне жатады. Сол секілді Алланың басқа да есімдері арқылы жәрдем сұрау жайлы Алла тағала былай дейді: «Алла тағаланың көркем есімдері бар. Осылармен дұға жасаңдар» .

8. Дұғаны үш реттен қайталау керектігі жайлы ибн Масғуд: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дұға еткенде, бір нәрсені сұрағанда, үш реттен қайталайтын» . Иә, дұға ету, яғни Алладан қажетiн тiлеу – мұсылман тiршiлiгiндегi елеулi орын алатын ғибадат түрi. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Дұға – мүміннiң қаруы, дiннiң тiрегi, аспан мен жердiң нұры» , – деген.

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста