Дұға – араб тілінен келген кірме сөз, мағынасы – сұрау, қалау, шақыру, мінәжат ету, жәрдем сұрау, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Кazislam.kz-ке сілтеме жасап.
Пайғамбар (с.ғ.с.): «Дұға – құлшылықтың мәйегі», – деп айтқан.
Дұға – араб тілінен келген кірме сөз, мағынасы – сұрау, қалау, шақыру, мінәжат ету, жәрдем сұрау және т.б.
Ал діндегі мағынасы, пенде Алланың күш-құдіретінің алдында әлсіздігін біліп, Оған мұңы мен мұқтажын айтып, жәрдем сұрау.
Сол үшін дін исламда дұға айтудың арнайы уақыты жоқ. Адам өзіне ыңғайлы уақытта құлшылығын жасап, дұғасын айта береді.