Әссәләмуағалейкум! Мен 2-курстың аяғында оқудан шығып кеткен болатынмын. Барлығына кінәлі өзім. Оқуды қайта жалғастыру үшін 3 жыл оқу керек. Ал, биыл диплом алатын жылым еді. Мен оқымаған жылдарымның ақшасын төлеп, дипломды сатып алсам бола ма? Қайта оқығым келмейді. Не істеуге болады? Мейрамғали
Уа алейкум ассалам!
Дипломды сатып алу – өтірік айту және жалған куәлік бергенмен бірдей. Ал, бұл – үлкен күнә. Құран Кәрімде: «...Сондай-ақ, өтірік сөздерден сақтаныңдар», – деп әмір етілген.
Әбу Бәкра (р.а.) өзі куә болған бір оқиғаны былайша суреттейді: «Сендерге ең үлкен күнәларды айтайын ба?» – деп пайғамбар (с.ғ.с.) үш рет сұрады. Біз: «Иә, Алла елшісі!», – дедік. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға серік қосу және ата-ананы ренжіту», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйеніп отырған еді, ол бойын тіктеп: «Өтірік сөз, жалған куәлік», – деп қайта-қайта айта берді. Біз: «Енді тоқтаса болар еді», – деп ойладық».
Қорыта айтқанда, дипломды сатып алу, сол арқылы жұмысқа тұру – күнә. Осылайша табыс табу – шариғатта тыйым салынады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім алдаса (алаяқтық етсе), бізден емес», – деген.
Дипломды білім алу арқылы иелену қажет. Бұл құжат ертең сол мамандық иесі және оның асырап отырған бала-шағасының несібесі адал болуына себепші.
Дипломды сатып алуға бола ма?
Читайте также
Діни кітаптарды кез келген орында сатуға рұқсат жоқ
Емшіге алданып қалмаңыз
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ хазреттің қасиетті Рамазан айына байланысты халыққа үндеуі
Оразада сәресіне ұйықтап қалған адам не істейді?
Тамырдан екпе салдыру оразаны бұза ма?
Аузы берік адам өзен-көлге түссе бола ма?
Последние статьи автора