Дінтанушы теріс ағымның жетегінде кеткендердің нені көздейтінін айтты

Алматылық дінтанушылар радикалды бағыттағы топтардың діни білімі төмен, көзқарасы мен түсініктері қысқа деп баға беруде. Дін істері басқарамасы қоғамнан оқшау киініп, мемлекет заңына бағынғысы келмейтін сақалды қазақ жастарымен жұмыс жүргізу өте қиын екенін айтты. Олардың мәлімдеуінше, тек қана ұзақ әрі табанды ақпараттандырудың арқасында Алматы қаласында теріс ағымдағы 20 адам райынан қайтып, дәстүрлі дінге өткен деп жазады NUR.KZ.

Қазіргі таңда имамдар, дінтаушылар, теологтар, саясаттанушыл ғана емес, жаппай бүкіл мемлекет болып бұл бағытта теріс сенімнің сергелдеңіне ерген қандастарымызды қайтару үшін үлкен күш жұмсап жатыр.

Асхат Құмашев есімді дінтанушы радикалды топтарға қатысты өз ойымен бөлісіп, олардың не көздейтіні ашық түрде айтты.

"Бұлар жалпы мемлекеттің құрылымына қарсы. Мемлекетті басқарып жатқан дінсіздер деп айтады. Жалпы мемлекетімізге, елімізге келетін дәстүрлі емес дін ретінде өте қауіпті", - деді Асхат Құмашев.
Дін басқармасы өкілдерінің айтуынша, теріс ағым жетегінде жүргендермен жүздесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізу өте қиын.

"Ол жақта білесіз, сақалдылар көп енді. Оларды шақыруымыз қиындау болып кетті енді. Жаңағы арендаторлардың админстраторлары бар. Соларға айтып, сөйтіп кейін шақыртқанбыз. Ондай болып тұрады. Шақыру, келтіру қиын. -Түсіндіру жұмыстарына көбісінің қатысқысы келмейді" , - деді мониторинг және талдау орталығының жетекшісі Нұрболат Манапбаев.

Қала көлемінде дәріс оқитын дін істері басқармасы олардың діни біліміне мынадай баға берді.

"Көсемі болмаса бір шетелден оқып келген, Мысырда болып келген. Соның өзінде ол діннің бер жағын ұстап келген жаңағы. Сол жақтағы бір ғалымның шапанны көтерген ба дегендей білімі өте таяз, өте таяз. Оны байқадық жаңғаы өзіміздің дінтанушы жігіттермен сұхбатқа келгенде олар қашады. Ұтылатын жерлерін біледі. Жалпы білімі қай тұрғыдан алсаңызда, ал ішіндегі бұқарасы, бұқарада емес, енді топтары олардың білімдері тіпті таяз. Арапша түп нұсқасын оқи алмайды. Жаттанды бір хадистері бар. Тек қана жиһад, жиһадтың маңызында білмейді" , - деді Асхат Құмашев.

Алматы қаласындағы дін басқармасының ұйтқы болуымен жыл бойы жүз мыңнан астам адаммен кездесу өткізілсе, 1400-ден аса жанға жеке дәріс оқылған. Қазір радикалды бағытын өзгерте бастаған үш жүзден аса адаммен танымы терең теологтар, дінтанушылар тұрақты жұмыс жасап жатыр.

Бүгінде нақты райынан қайтып, Ханафи мәсхабына ден қойдық деген адамның саны 20-ға жетті.

"Осы діни идеологияның құрбанына айналған біздің азаматтарымызды дәстүрлі құндылықтарға қайтару деген сөз. Яғни, біз биылғы жылы мамандардың күшіменен 1400-ден аса осындай адамдарды қамтыдық. Яғни, әрқайсысын біз жеке-жеке шақырып, солармен әңгіме жүргіздік. Бұл өте үлкен жұмыс. Өйткені әрбір азаматты алып келіп, оны ертіп келіп, отырғызып сөйлесудің өзі көп жаңағыдай уақытты талап етеді", - деді Алматы дін істері басқармасының басшысы Айдар Есенбеков.

Жалпы түзету мекемелерімен және ол жерде діни көзқарасы үшін сотталғандармен ел көлемінде 67 имам жұмыс істеп, Әбу Ханифа мазхабына 168 азаматты қосқан.

"Жат ағымнан жапа шеккен азаматтарға жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.Соның нәтижесінде көптеген азаматтарымыз ортамызға оралып, дәстүрлі дінне қайта қауышып жатыр. Біздің имамдарымыз жат ағымдағы адамдармен сағаттап сұхбаттасады. Олардың сенімдегі мәселесіне ғана емес, олардың отбасына да барады.
Қауанышы мен қайғысында да бірге болады. Бірнеше жылдардың көлемінде олармен жеке жұмыстар істеу арқылы олардың көзқарасының қайтуына өздерінің септігін тигізіп жатыр" , - деді ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы.
Мүфтияттың мәлімдеуінше, олар адасқан 516 адамды райынан қайтарған. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста