Діни ахуалды жетілдіру – маңызды міндет

Діни ахуалға талдау жасағанда, дін саласындағы күрделі мәселелер қазіргі заманауи қоғамдағы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндердің арасынан маңызды орын алатыны байқалады. Бұған әлемнің түкпір-түкпіріндегі діни экстремизмнің шиеленісуінен туындаған қайғылы оқиғалар айғақ болады. Қоғам тарапынан қауіп-қатерді жете бағалап, діни мәселелерге жүйелі назар аударылмаса, бұл мәселе әлеуметтік кеңістікте алдыңғы орынға шығып кетуі мүмкін.
Алдын алу және болдырмау шаралары Бірқатар елдердің тәжірибесі көрсеткендей, қоғамға жат діни-саяси идеологияларды ашық түрде таратуға талпыну барысында қандай қауіптің жасырынып жатқанына көрнекті дәлел болатын бұл оқиғалар экстремистер мен террористер үшін қолайлы жағдайға жол береді. Сондай-ақ бұл оқиғалар белгілі дәрежеде қоғамның бір бөлігінің, әсіресе жастардың исламның және басқа да діндердің мәнін түсінудегі діни сауатсыздығының салдары. Бұған жергілікті орындардағы дәстүрлі діндердің кейбір өкілдерінің білім деңгейінің төмен болуы, діни сауатсыздықтың салдарынан ислам доктринасын бұрмалау жә¬не діни көзқарастардың кер¬тартпалығы едәуір деңгейде әсер етеді. Бір сөзбен айтқанда, осындай факторлар дінге сенушілердің радикалдануына, соның ішінде діни экстремизмнің пайда болуына қолайлы жағдай туғызады. Бұл мәселелердің біршама дәрежеде біздің қоғамға да әсер еткені көпшілікке мәлім.  Осы орайда Қазақстан Пре-зидентінің 2017 жылғы маусым айындағы Жарлығымен діни саладағы ахуалға байланысты қабылдаған мемлекеттік саяси тұжырымдамасы дер кезінде және маңызды құжат ретінде танылуда.  Бүгінгі таңда біздің ғалымдар мен сарапшылар, мемлекеттік басқару органдары, діни бірлестік өкілдері осы саладағы нақты жағдайды ескере отырып, аталмыш құбы-лыстардың алдын алу мен болдырмау үшін ғылыми негізделген ұсыныстар мен салауатты баға берулерін тереңдетуі өте маңызды. Діни экстремизм секілді құбылысқа қарсы кү¬ресте тек әкімшілік шараларды қолдану жеткіліксіз болатыны түсінікті. Бұл – дінімізбен қатар ділімізді дамытатын сала, сана кеңістігі. Сондықтан мәселе бұл құбылыстың мәнін терең түсініп, шығу се¬бептерін, болмысын және әлеуметтік негізін анықтауға бағытталуы тиіс. Сондай-ақ осындай қауіптерді болдырмау үшін жақсы ойластырылған шаралар жүйесін әзірлеуге дағдыланған жөн. Қазақстан Президентінің Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезінде, төзімділік пен сенімділікті насихаттайтын арнайы интернет-ресурсты құру қажеттігі туралы бастамасы өзекті және дер кезінде көтерілгені анық. «Адам-гершілік – өнегелік құндылықтардың жаһандық дағдарысы артып келеді. Көптеген қоғамдағы «жалған бостандықтың» насихатталуы мен таралуын көрмеу мүмкін емес. Адами қарым-қатынастың табиғи сипаты жөнінде бұрмаланған көзқарастар қазіргі қоғамның қалыпты сапасы ретінде ұсынылып, адал еңбекке деген ұмтылысты кез келген тәсілмен пайда табуға алмастырмақ. Мұндай адамгершілікке қарсылық талай жерде абсолюттік деңгейге көтеріледі», деп атап өтті Мемлекет басшысы. Қазақстандағы қазіргі діни ахуал мен жүріп жатқан үрдістер білім беру мен діни тәрбие жөнінде ұзақ мерзімді мемлекеттік бағдарламаны шұғыл түрде жасауды талап етеді. Біздің көзқарасымыз бойынша, ұлттардың рухани дәстүрлері мен мәдениеттеріне негізделген, психологиясы мен ерекшеліктері қамтылған бағдарламалар жасақталса, осы бағдарламаның өзегінде біздің халқымыздың ділі мен діни ерекшеліктері болуы тиіс.  Отандық және шетелдік көптеген ғалымдардың, сондай-ақ діни қайраткерлердің пікірі бойынша, мемлекет пен қоғам діндарлардың бойында берік иммунитет пен агрессияға төзбеушілікті сенім негізінде қалыптастыруы қажет. Мұндай індеттердің алдын алудың оңтайлы тәсілі – халықты рухани тұрғыдан ағарту. Сондықтан да бүгінгі күні әлемдік діндердің дүниетанымдық, рухани-адамгершілік, әлеуметтік және ғы-лыми негіздерін сауатты діни білім беру арқылы танытудың маңызы зор. Осылайша, еліміздегі жастар арасында экстремистердің немесе террористердің пайда бо¬лу мүмкіндігінің түп-тамырын жоюға шешуші қадам жа¬салмақ. Ділі мықтылар жігін алдырмайды Қазақстанда тыйым салынған экстремистік әрі террорлық ұйымдардың, радикалды және тіркелмеген діни ағымдардың жақтаушылары бар екені анықталды. Осы орайда әлгіндей әрекеттер байқалған жағдайда түрлі қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің арандатушылық әрекеттерге жол бер-меу мақсатында бірігіп, қырағылық пен ұйымшылдық таныта отырып тойтарыс беруі ма-ңызды шара.  Діни қажеттіліктер көбінесе қоғамдық қарым-қатынастардың күрт өзгеріске ұшыраған немесе түбегейлі жаңашыл бағыт ұстанған қиын-қыстау өтпелі кезеңдерінде өте маңызды болары сөзсіз, өйткені дәл сондай шақтарда жеке тұлғаның болашаққа деген үміті жоғалып, өзіне деген сенімінің азаятындығы белгілі. Сондықтан болар кеңестік жүйенің ыдырауы, яғни «коммунистік бақытты болашақтың» жүзеге аспай қалуының нәтижесінде адам¬дардың көпшілігі әртүрлі діни конфессияларға, бірлестіктерге бет бұрды. Көптеген экстремистік ілім¬дердің жастарды қызықтыруы, олардың көптеген дәстүрлі діндерден айырмашылығы соғысқұмарлық, агрессивті үндеу жүргізу екенін есте ұстау маңызды. Дәстүрлі діндерден тағы бір айырмашылығы, олар адамдар арасындағы сыйластық, келісім мен төзімділіктің қажеттілігі жайлы сөз қозғамайды, махаббат пен жана¬шырлыққа шақырмайды, Құдайдың қалауына көнбейді. Керісінше, олар батыл әрі табанды әрекеттер жасап, адамдарды күшпен және қарумен қорқытып, өзінің немесе рухани басшысының пікіріне ғана сүйеніп, құрылымды өзгертуге, тартып алуға немесе қол жеткізуге шақырады.  Бұл секталардың ұйым¬дастырушылары қатарларына тарту мен ізбасарларын үйрету барысында дәстүрлі ғана емес, сонымен қатар сананы мани¬пуляциялаудың заманауи әдіс-терін кеңінен қолданулары әбден мүмкін. Әдетте, олардың жақтаушыларына салауатты ойға құрылған дәлелдер де, оңтайлы әрі қисынды дәйектер де әсер етпейді. Өйткені санасы барынша уланғанын байқаймыз.  Қазіргі жастарға ислам мен христиан секілді барлық ұлы діндер қоғам бірлігінің рухани негізі екенін тыңғылықты әрі дәлелді түрде ашып түсіндіру міндетті және өте маңызды. Демек, ендігі жерде діни бірлестіктер қызметіне қатысты жаңа заң жобасына өзгертулерді енгізу қажет. Заң жобасында қамтылмаған кей мәселелер әлі де көпші¬ліктің көкейін күпті етіп, алаң¬даушылығын туғызғандай. Бұл тұрғыда теріс пиғылды діни ағым¬дар мен ұйымдардың белсенділігін шектеудің алдын алу бағытында кейбір көршілес елдердің іс-тәжірибесін назарда ұстаған қажет пе деп қаласың. Оларда қазір қауға сақалдылар да, беті-басын тұмшалап алған, хиджаб киіп етегіне сүрінгендер, түрлі күмәнді діни кітаптар таратып, ғаламтор арқылы уағыздарға сеніп, ессіз елтігендер атымен жоқ. Бізде де сондай ке¬леңсіз жайттарға жол бермей, әр аймақ, өңірлер мен елді мекендерге, қалаларға келген іс-әрекеті күмәнді бейтаныс адамдардың жүруін, олардың түрлі діни кітаптарды таратуын қатаң бақылауға алу назардан тыс қалмауы тиіс.  Жақында Алматыдағы Достық үйінде өткен «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң жобасына толық¬тырулар мен өзгерістер енгізуге орай ғалымдар, зиялы қауым өкілдері қатысқан дөң¬гелек үстел талқылауында жұртшылықтың көкейіне қо¬нымды бірқатар ұсыныстар ортаға салынды. Атап айт¬қанда олар: кәмелет жасына толмаған балаларды ата-анасының рұқсатынсыз діни іс-шараларға қатыстыруға тыйым салу, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының келісі-мінсіз жастарды шетелге діни білім алуға жібермеу, діни ұйы쬬дарға түскен қаржыны әлеумет тарапынан ашық түрде қадағалауды қамтамасыз ету, медициналық мекемелердегі бала денсаулығы үшін қажетті міндетті екпеден ата-аналардың діни сенім себебімен қашуына жол бермеу, «талақ» сияқты діни ғұрыптар мен басқа да біздің қоғамға және жалпы адамзаттық нормалар мен дәстүрлерге жат амалдардан әйелдердің құқығын заңнамалық деңгейде қорғауды қамтамасыз ету секілді толықтырулар. Осындай өзгерістер мен толықтырулар уақыт талабына сай екенін және Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани¬ жаңғыру» мақаласында қойған міндеттерге толығымен сәй¬кес келетінін атап өткен жөн. Бұл біздің қоғамның діни мәселелерге қатысты көптеген түйткілдерін шешіп қана қоймай, еліміздегі руха¬ни бірлік пен әлеуметтік тұрақтылыққа да септігін тигізеді.    Ақан БИЖАНОВ,  Білім және ғылым министрлігі Философия,  саясаттану және дінтану институтының  директоры, саяси ғылымдардың  докторы, профессор
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста