Діни алауыздық қалай пайда болды?

Иә, ойлап қарағанға бұл заманның негізгі дерт пен індеттерінің бірі. Елге жайылар індеттің түр-түрі болса мұның да терісін өзгертіп құбылып шыға беретін түрлері көп болмақ. Жалпы адам – заманның баласы. Ендеше «экстремизм» мен «терроизм» деп айдар тағып жүргендері соңғы ғасырларда атап жүргендері. Әсіресе «діни экстремизм» деп жүргені де тым кереғар қылық. Жалпы дінді бейбітшілік дегеннің синоним сөзі екенін әуелден білсек екеуі бір-біріне жанаспайтын ұғымдар екені анық екенін байқаймыз. Дін бейбітшілікті, адалдықты, әділдікті, жарықты жақтайтын болса экстремизм қараңғылықты, қараң қылықты, әділетсіздік, арамдықты, зұлымдықты жақтайды. Ал бірақ соған қол жеткізу үшін барлық ақ түсті өздеріне қой терісі етіп жамылады. Ал Құранға келсек, илаһи діндерге келсек жоғарыда айтылған ұғымдардың бәрін бір ауыз сөзбен «Бүлік» деп атайды. Ал осы бүлік ұғымына келсек мұның тарихы сонау әріден басталады. Иә, ол кезде тіпті «экстремизм» ұғымының атасы тұрмақ, адамзаттың атасы да жаралмаған еді. Иә, Алла Тағала әлемді жоқтан жаратты. Әуел баста ғаламзат жоқ еді одан кейін бар болды. Ал бар нәрсеге қашан да жоқтық – қараңғылық болмақ. Ал бар болу ол – жарық. Сол себепті кейбір хадис деп аталып жүрген бір сөзде Құдай Тағала әлемді жаратарда соңғы Пайғамбар ғалайкімсаламның нұрын жаратқанын және дән секілді сол бір нұрдан он сегіз мың ғаламды жаратқанын айтады. Иә, осы бір сөз хадис болмаса да бір ақиқаттың бары анық. Ол қандай ақиқат, ол нендей шындық? Ол шындық әуелі ғаламзаттың бір нұрдан, жарықтан жаратылғандығы. Яғни қараңғылықтан емес, жарықтан. Ал жарық бар жерде барлық жақсылық атаулы бар. Әділдік бар, шындық бар, мейірім бар, шапағат бар. Екінші бір шындығымыз ол – соңғы Пайғамбар ғалайкімсалам адамзатқа тіпті аятта айтылғандай күллі ғаламға рақым етіп жіберілуі. Ал рақым, шапағат - нұр, жарық деген сөз. Яғни оның әуелгі жаратылысы бір нұр болса оның ғаламзатқа пайғамбар ретінде жеткізетін міндеті де нұр, жарық болмақ. Ал сол нұр мен жарықтың қадірі білініп, қасиеті сезілу үшін қарама-қарсы зұлымдық пен қараңғылық шығу керек еді. Бірақ қалай, Алла зұлымдықты қаламайды ғой? Иә, Алла зұлымдықты қаламайды. Әйткенмен адам мен жын затында ерік пен ақыл болғаны үшін жақсылыққа да жамандыққа да мейілденер еді. Барлық адамның пейілі мен еркі бір қалыпты тұрмайды. Ел ішіндегі батыр да халыққа батыр атанып, көрсету үшін зұлымдыққа қарсы шығу керек еді. Бірақ батыр да, халық та зұлымдықтың шығуын қаламақ емес. Бірақ өмірдегі кейбір заңдылықтар солай. Құдай Тағала Адам атаны әуел жаратып, жер бетіне Өзін танытпаққа, Өзінің әділдігін, мейірімін білдірмекке жібергенде қайткенде де өзінің жауы шығып жарыққа қарсы шығатын еді. Иә, мысалы Ислам діні – мейірім, бейбіт діні. Алайда соны ұстанған мұсылмандар үш ғасыр ғылым мен Құраннан алшақ ғұмыр кешті. Соның салдарынан жер бетінде Алланы паш еткендер көрінбестей болды. Міне осы кезде өмір заңдылығына сай қара күштер шығып, басымдылық танытып ақыр соңында сол жарықты бейнелеген Ислам дінінің өзін «діни экстремизм» яғни діни қараңғылық деп көрсете бастады. Осы кезде жер бетінде ұйықтап жатқан иісі мұсылман Құранға жүгіріп ақиқатты іздей бастады. Дәл осы секілді де Адам ата жаратылар бұрын Құдай Тағала жер мен көктегі күллі періштелерді құзырына иіріп әкеліп: «Уа, періштелер! Мен жер бетінде адам жаратпақпын» деді. Осылайша ғаламзатта алғаш рет «Адам» деген түсінік пайда болды. Бірақ әлі өзі жоқ еді. Періштелер арасында адамның кім екенін білмесе де оны жер бетінде ғұмыр кешетінін біліп «Жер бетінде содырлық жасайтындарды жаратпақпысың?» деп қалды. «Адам» деген сөз Алладан шықса «содырлық» сөзі періштелерден шықты. Олар мүмкін әлемнің соның ішінде өздерінің де «нұрдан» яғни адам нұрынан жаратылғанын біле тұрса да осылай деген еді. Иә, олар адамзаттың ішінде Аллаға құл болатындың бар екенін білмеуші ме еді білетін. Алайда солардың ішінде содырлық жасайтындарды көргенде сол бір жойқын алапап күш оларға жарықты көрсетпей тастаған еді. Сол себепті Алла Тағала «жазықсыз бір адамды өлтіру жер бетіндегі күллі адамзатты өлтіргенмен тең» деген еді. Жер бетінде бір адамды өлтіру жер бетінде тіршілік қалдырмайтын атом бомбасын жарумен бірдей. Құдай Тағала осы кезде «Мен сендердің сырттай айтып тұрғандарыңды да, іштей сыр сақтап жасырып тұрғандарыңда да білемін» деген еді. Бұл жерде іштей сырын сақтап тұрған әрине Ібіліс еді. Кейбір деректе ол періштелерге алдын-ала адамның жаратылысын біліп оларға ол адамдар жер бетінде қан төгетін болады деп адамды «қараңғы» етіп көрсетіп қойған еді. Соған нанып қалған періштелер осы ойларын ашық айтқан еді. Міне бүлік ендеше осы кезде басталған еді. Ібіліс періштелерге де жаман ой салуға баққан еді. Бірақ олар тез есін жияды. Қателігін мойындайды. Ал Ібіліс өзінің қарсыласының шығатынын біліп сол кезден жоспар жасап қойған еді. Неге? Көре алмаушылық пен қызғаныш. Менмендік пен тәкаппарлық. Өзімшілдік. Осының салдары Адам атаның жаза басып жер бетіне түсуіне әкеліп соқты. Адам ата кетсе де жер бетінде талай пайғамбарлар келді де Ібіліс пен зұлымдықты қолдағандарға қарсы шығып әділетсіздікпен, зұлымдықпен күресті. 

Ендеше қараңғылық пен жарық сонау адам жаратылысынан бері жалғасын тауып келеді. Бірақ қараңғы мен жарық ашықтан ашық қашан да күресе бермейді. Қараңғылық жарықтың кейпіне еніп жарық болып сол жарықты өшіруге тырысады. Бұл екі түрлі болады. Тікелей айтқанда «алданған, сеніп қалған мұсылмандар» мен «екі жүзді мұнапықтар». Мысалы ИШИМді алайық. Бұлардың басында тікелей қараңғылықты қалаған қара күштер мен мұнапықтар болса соған ергендер арасында қарасын толтырып жүрген дінін білмейтін надан мұсылмандар да бар. Бірақ бұл келесі әңгіме болмақ...

Мұхиддин ИСАҰЛЫ,

теология ғылымының докторы, доцент

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста