Бұл жерге кірген адамның жаназасы оқылмайды

Егер де бір мұсылманның жақыны басқа дінге кіріп дүние салғаны белгілі болса, сектаға кірген жақынын мұсылманша жуындырып, кебіндемейді, жаназасы оқылмайды. Артынан сауап амалдар да бағышталмайды.

Себебі, ол пенде бұндай амалдарға лайықты болып саналмайды. Өзінің киген киіміне орап, бөлек жерлейді. Яғни, мұсылмандардың зиратына қойылмайды. Жерлегенде де мұсылманша ақым қазылмайды. Шұңқырға тастаумен шектеледі.

Мұсылман жақындарының бұлай жасауы - жақындық міндеті, бәлки адамдық міндеті. Топыраққа көму қажеттігі - имансыз өткен мәйіттің сүйегі ит-құсқа жем болмас үшін, қоршаған ортаға зиян тигізбеу үшін жасалады.[1] Немесе өзге дін өкілдеріне мәйітін тапсырады. Басқа мұсылмандар ол пенденің имансыз, басқа дінге кіріп, кейін сол күйінде қайтыс болғанын білсе қазасына қатыспайды.

Өйткені, Алла Тағала мұсылмандарды бұл амалдан қатаң түрде қайтарып, Қасиетті Құранда: «(Уа, Мұхаммед!) Олардың мәңгілікке (зиян шегіп) өлген бірде-біреуінің жаназасын оқыма һәм дұға ету мақсатында қабірінің басына барып тұрма. Расында, олар Алланы да, пайғамбарын да мойындамай күпірлік қылды әрі тура жолдан тайған азғын күйінде өлді», - дейді («Тәуба» сүресі, 84-аят).

Алла Тағала барша мұсылман отбасын бұндай бақытсыздықтан сақтасын!

ihsan.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста