Бұл жалғанда ар қымбат

Бір рет сүрінсең, өлгенше орны толмайтын қайғылар болады. Ондай кезде көз жасыңды теңіз қылып ағызсаң да, жаныңның жарасы жазылмайды. Ислам діні сондай өте қымбат құндылықтардың қатарына қыз баланың ар-абыройы мен пәктігін жатқызады.
Ойнап жүріп от басқан талай қарындастарымыз бүгінде бармақ тістеп, өкініп жүр. Бірақ өзегің өртенгенмен өткен іс қайтып келмейді. Дініне мығым, иманына берік қазақ үшін ардың құны жаннан қымбат. Көңіл көтерем деп жүріп, шайтанның өрмегіне түсіп қалған бой жеткеннің жүрегіне түскен жегі құрт одан өмір бойы ажырамайды. Жасыған жастың жанын жей береді, кеміре береді. Әрине, бұл күйзеліс ардың қадірін білгендерде ғана болады. Батыстың кейбір бассыз баспалары жас қыздарды күйеуге арсыз күйде тиюге үндеп, ақылсыз ақылдармен дәлелдеуге тырысып жатады. Солардың зәріне уланғандар үшін қыз баланың пәктігінде бес тиындық құн жоқ. Тіпті «тәжірибесіз күйеуге тигендер көп ұзамай ажырасуы мүмкін» деген пікір жазылған психологиялық кітаптарды да кезіктіргеніміз бар. Олардың беттерін қара көз қарындастарымыздан аулақ етсін.
Ал бәрімізді жаратқан Алланың сөзі – Құранда иманды кісілердің сипаттары айтылғанда: «Олар ар-абыройларын, әурет жерлерін күнәдан таза ұстап, пәк сақтайды» делінген («Мүминун» сүресі, 5-аят).
Жалпы, әурет жерді ұятты істен сақтау – соған апаратын жолдан аулақ болудан басталады. Сондықтан Алла Тағала: «Зинаға жоламаңдар! Өйткені ол – нағыз арсыздық, әрі жаман жол» деп қатаң ескерткен («Исра» сүресі, 32-аят). Көздің көруі, құлақтың естуі, қолдың ұстауы, мұрынның иіскеуі де кейде адамды осы айтылған жаман жолға жетелеп кетуі мүмкін. Биік өкшесі тықылдап, жалаңаш тәні жылтылдап, әтірі бұрқырап, даусы қылымсып көшеде жүрген бойжеткендер қай еркектің болса да, ойын бұзбай тұрмасы анық. «Зинаға жоламаңдар!» деген бұйрықты міне, осы тұрғыдан түсінген мақұл.
Күнә деген бір ұйық. Табаныңа ілінсе, түбіне қарай тартып кете береді. Отырысқа бара салу, арақ-шарапты бір ұрттай салу, бір темекі шеге салу, бөтен адамға белін, иығын ұстата салу – мұның бәрі бір қарағанда кішкентай, елеусіз нәрсе болып көрінуі мүмкін. «Онда тұрған не бар?» деп талай адам сізге келеңсіз кеңес беруі де ықтимал. Бірақ негізінде, бұл аталғандар түбі терең ұйықтың басы саналады. Отырысқа келіскен адам, дискотекаға да барады, сыраны бір ұрттаған шөлмекті де сіміре салады. Осыдан әрі қарай тереңдеп кете береді, кете береді. Ақырында, біреулер зинақор әке болып, біреулер көшеден бала туып, жетімханалар толып, қараусыз, мейірімсіз, қатыгез жастар көбейіп кете береді. Отыздан асса да, адам секілді отбасын құра алмай соқа басы состиып жүру қайдан шығады? Бір-бірінің күнәсы жайлы күманданатын жастардан шығады. Талай жігіт «үйленетін, жөні түзу қыз жоқ» деп сабылып жүр. Талай қыз «тұрмысқа шығатын жөні түзу жігіт жоқ» деп өз босағасында отыр. Міне, онда тұрған не бар дейсіз? Осының бәрі сіздіңше ештеңе емес пе? Сіздің туған қызыңыз, қарындасыңыз, немерелеріңіз осындай күй кешуін қалар ма едіңіз?! Әрине, жоқ.
Бұрынғы әжелер: «Қызым, көп күліп, ыржақтай берме! Шірігенге шыбын үйір, күлегешке жігіт үйір. Ойнап жүріп, от басып қалма!» деген кеңестерін айтып отыратын. Сол кезде жігіттің үйленуі де, қыздың тұрмыс құруы да ата-анаға сын болатын. Біреудің ұлы «таза емес» қызға үйленсе, ол бүкіл әулеттің сүйегіне таңба саналатын. Ол кезде ұлдың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге тиетін.
Ал қазір керісінше. Телеарналарда, самсаған жарнама тақталарында, жылтыраған кітап, журнал мұқабаларында әйелдің әдемілігі көрсетілмесе болмайтындай жағдайға тап болдық. Әп-әжептеуір иманды, ибалы қарындастарымыздың да өзеннің ағысына ілесіп бара жатқанына ішіміз удай ашиды.
Абайша айтқанда, «Қайнайды қаның, ашиды жаның, күресерге дәрмен жоқ». Қасиетті Құранға Алланың сөзі деп тоқтайтын адам болса, онда мынадай аят бар: «Иманды құлдардың арасына жаман сөз, жаман қылық, азғындықтың жайылғанын қалайтындар үшін дүниеде де, ақиретте де өте қатты азап бар. Алла біледі. Сендер білмейсіңдер!» («Нұр» сүресі, 19-аят). Ел ішінде мұндай пиғылдағы адамдар жоқ дей алмаймыз. Ақша тапсам, кәсібім жүрсе болды. Өзгемен ісім жоқ деп түрлі азғындықты ісіне араластыратындарға осы аят ой салуға тиіс. «Бұл жалғанды бұзатын – арсыз адам» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз да бекер айтпаса керек. Елдің ішіне жаманшылықты жайып, қоғамды бүлдіріп, жұрттың тұнығын лайлауға жаны құштар адамдар ауыр жазаға лайық екені ақылға да, қисынға да сай келеді. Алланың бұл дүниені бұзып жүргендерді жазасыз қалдыруы мүмкін емес. Өйткені Ол ұлы Құдіреттің, ерекше Мейіріммнің, асқақ Әділдіктің, шексіз Білімнің, басқа да көркем есімдер мен ұлы сипаттардың иесі.
«Әркімінің өзіне байланысты ғой» деген сөзді сылтау ететіндер бар. Шындығында, бұлай болмай тұр ғой. Өйткені «жұрттың бәрі сондай ғой» деп арына абайламай қарайтын қыздар көбейіп барады.
Енді некелі күйеуіне дейін ойнап-күліп жүрген қыз балалар дүниеге саналы ұпақ әкеле ала ма? Әңгіме тізгінін соған бұрайық.
«Телегония» теориясын бүгінгі батыс ілімі ескірген биологиялық концепцияға жатқызады. Ол теория бойынша қыз баланың төсектегі ең алғашқы жұбы оның дүниеге әкелетін перзенттеріне елеулі әсер етеді. Бүгінгі батыстық ғылыми зерттеулер бұл ұғымды бос сандыраққа жатқызады. Шындығында, солай ма? Байқап қарасақ, біздің бабаларымыз да болашақ балаға қыз баланың ары мен ұяты көп әсер ететінін жақсы білген. Қыдырымпаз қыздан жақсы бала тумайтынын да анық байқаған. Сол себепті қазақ жігіттері жеңілтек қыздармен шаңырақ көтермеген. Ағайынның жесіріне басы-көз, ие болғызатын «әмеңгерлік» салтының жөні бөлек.
Сонау ерте замандағы Аристотельдің өзі дүниеге келген баланың жеке тұлға болып қалыптасуына оның туған ата-анасы ғана емес, шешесінің одан бұрын бірге болған еркек кіндіктілері де ықпал етеді деп тұжырым жасаған. Бұл - бұрынғы бұрыс жүрістің зардабы балаға да тиеді деген сөз.
Ауылдағы қаншық иттер балалағанда, күшіктерінің бірі ақ, екіншісі қара, үшіншісі тағы басқа түсті болатынын бала кезде байқайтынбыз. Сөйтсек, ол иттің балалары енелерінің «көшедегі достарына» тартады екен. Бұл, әрине, қыз балаларға мысал бола алмас. Дегенмен, ол да бір сабақ. Абай атамыз «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде былай деп ер азаматтарға төбеттің мысалын берген:
Шу дегенде, көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық,
Бетім барда бетіме кім шыдар деп,
Кімі паңдау келеді, кімі тантық
Тағы бір өлеңінде көп жігітпен ыржақ-тыржақ еткен бойжеткендерді иттің ұрғашысына теңеп, өлтіре сынайды:
Күйлеме жігітпін деп үнемі ойнас,
Салынсаң, салдуарлық қадір қоймас.
Ер жігіт таңдап тауып, еппен жүрсін,
Төбетке өлекшіннің бәрі бір бәс.
Жинақтай келгенде, бұл айтылғандардың бәрі ертеңгі ұрпақты өмірге әкелетін қазақтың иманды, ибалы, аяулы қарындастарымызға өмірлік сабақ болсын деп қана айтылды. Айтылған сөздің артық-кемі үшін ешкім айыпқа бұйырмасын. Алла Тағала иманды елімізден бәле-жала, кесір-кесапатты аулақ етсін.
muslim.kz сайтынан алынған

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста