Бөгде ер мен әйелдің әлеуметтік желі арқылы өзара сөйлесуі дұрыс па?

«Internet, Facebook, WhatsApp» сияқты әлеуметтік желілер арқылы бөгде (некелесу харам болмаған) ер-әйелдердің бір-бірімен пікір алмасып, сұхбаттасу барысында шариғи шарттар сақталуы керек.

Ол шариғи шарттар деп негізінен мыналарды атауға болады:

Біріншіден, шариғат талаптары шеңберінен шығып кетпеуі шарт. Халық арасына бүлік салатын, зинаға апаратын өрескел қалжың айту, нәпсі құмарлығын ояндыратындай сөздерді жазу, жаман суреттер жариялау, бірін-бірі ғайбаттау сияқты күнәлі істерге қатысты сөздерді алмасуға рұқсат жоқ екендігі анық. Бұл ер болсын, әйел болсын, бойдақ немесе отбасылы болғанына қарамай барлық мұсылмандарға ортақ талап.

Екіншіден, Ислам дінін, Алла Тағаланы, иман негіздерін, адамгершілік қасиеттерді насихаттауға немесе дін және ізгіліктен тұратын тарихты, салт-дәстүрді үйрену мақсатында ғана сөйлесуге болады. Фықһта: «Рұқсат қажеттілік көлемінде ғана болады» деген қағида бар.

Бұл шарттар орындалмаған жағдайда некесіз адамдар арасында, тіпті бүгін-ертең үйленеміз деп отырған жастардың өзі әлеуметтік желілерде хат алмасуы дұрыс емес. Бұл айтылғандардың бәрі шариғаттың қайнар көзінен алынған үкімдер. Оған жеңіл қарауға болмайды.

Тұжырымдай айтқанда, маңызды бір қажеттілік болмаған жағдайда әлеуметтік желілер арқылы бөгде ер-әйелдердің бір-бірімен сөйлесуі дұрыс емес. 

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста