Бірде сахабалар Алла елшісінен (с.ғ.с.):
– Уа, Алланың елшісі, қандай іс Аллаға ең ұнамды іс болып саналады? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Үнемі және үздіксіз орындалатын нәрсе, – дейді.
Сахабалар тағы да:
– Үнемі және үздіксіз орындалатын іс қандай? – дегенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Құранды бастан аяқ оқу, аяқталғанда қайтадан басынан бастау, – деп жауап береді.
(Тирмизи, «Қираат», 2/2948).