Белгілі уағызшы Ғазиз Ахмет көп әйел алу туралы ойын айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.
- Бір еркектің бір әйел ғана алып тоқтауы - бұл мұсылманшылықтан емес. Өзге де діндерден емес. Тек христиандар ғана бір еркек бір әйел алу керек болды. Басқа діндердің барлығында бір еркек ешқашан бір әйелмен тоқтаған емес. Барлық дін бойынша рұқсат. Шын қарай алатын болса, баға алатын болса алады, алу рұқсат. Әйелінен де, әке-шешесінен де ешкімнен рұқсат сұрамайды. Ол тек өз шешімімен, деп айтты.