БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

БІР АЯТТЫҢ ҚҰПИЯСЫ

Құран Кәрімде: «... Сендер бір нәрсені ұнатпағанмен, ол сендер үшін қайырлы болуы мүмкін. Ал сендер бір нәрсені жақсы көргенмен, ол сендер үшін жамандық болуы мүмкін. Алла біледі, сендер білмейіңдер[1]», - деген иләһи әмір бар.

Шынымен де, бұл аяттың астарында көптеген сыр мен хикмет бүркеніп жатыр. Адам жамандық деп ойлағаны бір жақсылықтың бастамасы, жақсылық дегені бір жамандықтың ұшы екенін ұғып білетін болса, қиыншылыққа еңсесі түспес еді. Дәл сол секілді, оңай келген «жақсылыққа» да сүйеніп арқасын кеңге салмасы анық. Сондықтан әрбір жұмырбасты пенденің бастапқыда қаншалықты ауыр болса да, Құдайдың бұйрығына басын игені құба құп. Өйткені, шариғатқа бойұсыну &ndash барлық жақсылықтың басы. Мұсылман жанға жайлы және рақаты тез келетін тыйымнан бойын аулақ ұстары хақ. Себебі, біле білген адамға, айдалада жатқан батпан құйрықтың ақыры жаман. Мұндайға ақылды адам у қосылған дәмді ас деп біліп жоламайды. Ал, керісінше, қиын болса да, тура жолмен жүруді дәмі жағымсыз, бірақ емдік қасиеті мол дәрі тәрізді ұғып, ащы емді қабылдайды.

Алайда, ақ пен қараны түсінен емес, салдарынан ажырату үшін білім мен тәжірибе керек. Ол үшін сабырлы да төзімді болған жөн. Ал, сабыры мен сенімі сарқылған адамның мұратына жете алмасы мәлім.

Бұл аят адамды Раббысына толық тәуекел етуге үйретеді. Адам қолынан келген барлық шараны атқарған соң нәтижесін Алла Тағалаға тапсырғаны жөн. Алла пендесіне ең қайырлысын береді.

Сонымен бірге, санасы мен жүрегін мазалайтын сан алуан ойлардан тазартады. «Бұл қалай болады екен?», «Енді, не болады?» деген жөнсіз ойларды осы мүбәрак аяттың күшімен жояды. Бұл аят адам баласының қиыншылыққа қарсы қаруы. Әрбір істе Жаратушының маңдайға жазған тағдырына мойынсұну жақсылыққа алып барады. Өйткені, жыртқыш аң да өлексеге тиіспейді. Құдайдың тағдыры &ndash жыртқыш аң болса, өлексе &ndash Құдайдың жазғанына көнген пенде.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста