Америкадағы үлкен өнеркәсіп орнының бастықтары сол жерден түсіретін пайда мен шығынды есептеп жүріп, директордың айлығының мөлшеріне көздері түседі. Бұл неткен батпан құйрық, осы көп емес пе? – деп ойлап қояды. Олар араларынан екі адамды директорға бақылаушы етіп тағайындайды. Бұл өзі қалай іс жүргізеді екен жақсылап байқаңдар. Сосын бізге бір шешімін айтасыңдар, - дейді.
Екі адамнан тұратын бақылаушылар таң ертең ерте келіп, фабриканың директорының бөлмесіне кірді. Олар ол жерден бар көргендері мынау болады:
Директор қолында бір стақан кофе, аяғын столдың үстіне айқастырып алып сол жерде жұмыс істейтіндермен күліп-ойнап жүру. Столдың үсінде бірде-бір құжат тіпті, бір парақ қағаз жоқ.
Ол бір-екі адаммен телефонмен сөйлесіп, сол жердегілермен азын-аулақ әңгіме дүкен құрғаннан басқа ештеңе бітіріп отырған жоқ. Топтап келгенде бір күнде үш сағат жұмысқа көңіл аударады, одан басқа уақыттарда бос. Осының барлығын есептеп, айлығының едәуір бөлігін қысқартып тастайды. Бұл шешімге директор разы болмай жұмысын тастап кетеді. Сөйтіп жұмысқа деген құлшынысы өте жоғары, бойында қаны тулап тұрған бір жас жігітті тағайындайды.
Үш айдан кейін фабриканың кірісі бұрынғыдан әлдеқайда азая бастайды. Директор үйрене алмай жатқан болар, әлі-ақ үйреніп кетеді, деп қоя салады. Алты айдан кейін пайда одан сайын түсіп кетеді. Жоғарыдағы басшылар не болды екен деп тексеруге келеді. Бейшара бастық су терге түсіп, адаммен сөйлесуге шамасы жоқ. Бір қолында телефонның тұтқасы, екінші қолында құжаттар. Оған келген адамдарға, отырыңыздар деп қолымен ишара жасауға ғана уақыты болды. Шығып-кіріп жатқан адамдардың саны қаншама. Олармен де дұрыстап сөйлесуге уақыт таппай жатыр. Бірақ осылай бола тұра фабриканың табысы күн өткен сайын кері кетіп, шығын көбейіп жатыр. Олар тағы да уақыт берейік, бәлкім жақсарып кетер деп күтеді.
Жылдың соңында жағдайлары өте нашарлап, шығындары көбейіп, тіпті қарызға батып қалады. Сосын тағы да істің анық-қанығына жету үшін тексеру жүргізеді.
Бұл ретте тексеруді директордың бөлмесінен емес, фабриканың ішінен бастайды. Жұмысшылардың жұмыстарын бастамай күтіп отырғандарына куә болады. Неге бұлай отырсыңдар дегенде былай деген жауап алады: Фабриканың бастығы мен келмей бастамаңдар деген. Біз соны күтіп отырмыз. Ол бөлмесінен шығуға уақыт таппайды.
Сол кезде біздің сөзімізді ұзақтан бақылап отырған жасы егделеу келген, жұмысшы қасымызға жақындау келді. Қаншама жылдан бері жұмыс істегендігі түрінен байқалып тұр. Тәжірибесі де мол сияқты. Біздің не үшін келгенімізді де сезіп әңгімесін былай деп бастады:
- Мырзалар біздің бұрыңғы басшымыз әрнәрсеге мұрнын сұға бермейтін. Болашақ жайлы жоспарларды үйіп-төге бермейтін. Жұмысты бізге қалдыратын. Біз де оған анау-мынау деп ештене айта бермейтінбіз. Кенеттен бір проблема ұшырай қалған кезде ғана алдына баратынбыз. Сол кезде ол мәселемізді шешіп беретін. Ол өз ісінің шебері болатын. Әрдайым жүзінен күлкі кетпейтін. Бірақ барлығымызды бірдей ойлайтын.
Ал қазіргі басшымыз да жаман емес. Ниеті дұрыс адам. Тіпті өте іскер десек те болады. Бірақ ол біздің ешқайсымызға сенбейді. Барлық істі өзінің ойындағыдай істегенді дұрыс көреді. Бір сөзбен айтқанда, біздің орнымызға ұсталық қызмет атқарып жүреді. Сондықтан біз амалсыз елеусіз қала береміз. Жарайды оған да көндік делік, бірақ ең маңыздысы фабриканы басқаратын адамның орны бос болып қалды ғой. Оны кім істейді. Бізді анда-санда қадағалап тұратын, кішкене алдын болжап, мәселемізді шешіп беретін адамның орны бос.
Сөйтіп олар қателіктерін түсініп, бұрынғы басшының айлығын екі есе көтеріп, орнынан алып келеді.
Басшылық өте қиын өнер. Ол өнердің белгісі көзге бірден байқалмайды. Оның нәтижесі ұзақ уақыттан кейін ғана асқан көрегенділік пен тәжірибеден байқалады. Басқару да өте үлкен жұмыс.
Өзгелерге кеңес беру, өсиет айту, жаңаша бір ұсыныс білдіру, тіпті олар үшін шешім қабылдау да оңай. Ең қиыны, сол нәрселерді істеуден қашу, өзін-өзі басқару әрі өзіңнің шешім қабылдауың.
islam.kz/kk/articles/gibrat-hikaya/basqara-bilu-oneri-1211/#gsc.tab=0