Астанадағы іргетесын Нұрсұлтан Назарбаев қалаған ең үлкен мешітте Қадыр түні Бас мүфтидің құран оқып отырып, жылаған видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі NEGE.kz-ке сілтеме жасап.
Бас мүфти Наурызбай Тағанұлының видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
«Алла тағала Отанымызды нұрландыра көр, Алла тағала жүректерімізді нұрландыра көр! Әр мұсылманның шаңырақтарын нұрландыра көр! Қиямет күні алдыңа барғанымызда жүзімізді жарық қыл! Уа Раббым, ұстаған оразамызды, берген садақамызды қабыл ете көр», - дейді Бас мүфти видеода.
Алайда әр сөзін «нұрландырумен» байланыстырған Бас мүфтидің дұғасы қызу талқыға түсті.