Бас мүфти араға бір жыл салып жұма намазын жүргізді

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы киелі Түркістан облысына ресми сапармен барды. Сапар барысында Бас мүфти Отырар ауданы Шәуілдір елдімекеніндегі «Есен ана» мешітінде жұма намазын жүргізді. Жұма намазға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

Жамағатқа насихат айтқан Наурызбай қажы Тағанұлы: «Аллаға сансыз шүкірлер болсын! Бүгін бір жылға жуық асыға күткен жұма намазын оқуға мүмкіндік алдық. Қауіпсіз «жасыл аймақта» орналасқан мешіттерімізде жұма намазын оқуға рұқсат берілді. Мінеки, сіздердің дұғаларыңыздың арқасында, ортақ пәтуаға бағынған бірлігіміздің нәтижесінде осындай оң шешімнің қабылдануына себепші болдық. Тәубә! Осы күнге жеткізген Жаратқанға мың тәубә!

 

Өздеріңіз жақсы білесіздер, бүгінде барша әлем жұқпалы індеттің зардабын әлі күнге дейін көріп келеді. Әрине, бәріміз жұма намазын сағындық. Алайда осындай жақсы сезім бір-бірімізге қиянат жасауға әкеп соқпауы керек.

 

Осы ретте сіздерді жұма намазы кезінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырамын. Әуелі өзімізді, содан кейін өзгені жұқпалы дерттен сақтайық. Алла Тағала тәртіпке бағынып, ұдайы жұма намазымызды оқуды нәсіп еткей. Раббымыз еліміздегі барлық мешіттің есігін жұма намазға толық ашуды нәсіп еткей! Ұрпағымызды салиқалы еткей. Аса рақымды Хақ Тағала жер бетінін жұқпалы індетті жойып, жақсы күндерде жүздесуді жазғай. Әмин» деді.

 

Айта кетсек, бүгін «Есен ана»  мешітіне келген жамағат дене қызуын тексеретін құрылғы арқылы құлшылық үйіне кірді. Жұма намазы санитарлық талаптарға сәйкес өткізілді. Имамдар күшейтілген режимде қызмет етті.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста