Бақыттың кілті мына 4 хадисте!

Танымал хадис ғалымы Әбу Дәуіт әс-Сижистаниді танымайтын мұсылман кемде-кем шығар.

 

Һижри 202 жылы Сижистан елдімекенінде дүниеге келіп, 275 жылы Басра қаласында дүниеден озған, Йеменнің Әзд қауымынан шыққан Әбу Дәуіт Ислам еңбектері арасында ерекше орынға ие алты мәшһүр хадис жинағы кітабы саналған «Кутуб-и-ситтаның» бірі болған «Сүннән-и Әби Дәуіт» кітабының құрастырушысы. Ол бұл кітабында өмір бойы  жинаған 500 мың хадистен 4 мың 800-іне орын берген.

 

Осынау ерен еңбегіне байланысты Исламның көптеген ғалымдары Әбу Дәуідті жоғары бағалаған. Мәселен, Мұса бин Харун оның хадис үшін жаралғанын және өз заманында одан ізгі жан көрмегенін айтқан. Хаким ән-Найсабури болса, Әбу Дәуітке «ғасырының хадис имамы» деп баға берген. Ибн Хиббанның айтуынша, Әбу Дәуіт фиқһ пен хадис ғылымының білгірі, зейіні күшті, тақуалығы басым ғалымдардың бірі. Ол хадис жаттау қабілеті жоғары, риуаяттары сенімді, тақуалығы, туралығы, ықтияттығы бекем бір тұлға. Оның адамгершілік, тұлғалық қасиетінен бөлек, еңбегіне де жоғары баға берген ғалымдар болған. Ибн ул-Араби «Сүннән» жайында былай дейді: «Егер адам Құран мен Әбу-Дәуіттің «Сүннәнін» білсе, дін мәселелерінің бастауына қол жеткізгені».

 

Сол хадис ғалым Әбу Дәуіт өзінің еңбегіне қатысты айтқан бір сөзінде былай дейді:

 

«Барлық бұл хадистерден ақылды адамға мына 4 хадис қана жеткілікті:

 

Бірінші хадис: Барлық амалдар ниетке байланысты бағаланады;

 

Екінші хадис: Адамның өзіне қатысы жоқ пайдасыз істерді тәрк етуі, оның көркем мұсылманшылығының белгісі;

 

Үшінші хадис: Кімде-кім өзіне қалағанды мұсылман бауырына да қаламайынша толық иман еткен болмайды;

 

Төртінші хадис: Халал &ndash айқын, харам &ndash айқын. Бірақ бұлардың арасында сақтануы керек көп адам біле бермейтін (халал ма, харам ба, онысы белгісіз) күмәнді мәселелер бар.

 

Шах Уәлиуллаһ Дәхләуи бұл төрт хадиске байланысты мынандай пікір білдіреді: «Ғибадаттарды дұрыс өтеу үшін бірінші хадис жеткілікті. Бағалы ғұмырын бос істерге зая етуден сақтану үшін екінші хадис жеткілікті. Туған-туыс, көрші-қолаң, тамыр-таныс, қысқасы өзіңмен қарым-қатынаста болған адамдардың ақысын арқаламаудың жолын үшінші хадис көрсетіп тұр. Дәлелдердің әралуандығы немесе ғалымдардың қарама-қайшы көзқарасы себебінен туындаған күдік-күмәндар төртінші хадиспен шешімін табады. Осылайша бұл төрт хадис ақылды адамдардың алдында бір ұстаздың орнын басады».

 

Расымен де, адамның күл өмірін гүлге айналдыратын ­&ndash оның игі ниеті. Ниет түзу болса, амал да соған сай икемделеді. Амалың қанша дұрыс болғанымен ниетің бұрыс болмаса, онда ол амалыңнан ешбір пайда жоқ. Тек өмір бойы өзіңді алдағаннан басқа ешнәрсеге қол жеткізбек емессің. Бірінші хадис соны меңзейді. Хадистің жалғасын оқысаңыз, «кімде-кім Алла Тағала үшін және Оның Елшісі  (ﷺ) үшін һижрет еткен болса, ол Алла Тағала және Оның Елшісі  (ﷺ) үшін һижрет еткен болып саналады. Ал кімде-кім дүние-мүлік көздеп, не әйелге үйлену үшін көшсе, оның көші сол ниетіне сай бағаланады» делінген. Ендеше ниетің түзік емес, бұзық болса, онда қылған ғибадатың, жасаған амалың тек шаршап-шалдығу ғана. Өмірің ­&ndash құр зая.

 

Ниетті түзеткеннен соң, амал да өз жүйесін таба бастайды. Яғни, бос амалдан, өзіңе қатысы жоқ істен барынша аулақ болуға тырысасың. Барынша атқарар амалыңның сапасына мән бере бастайсың. Өйткені, ниетің &ndash ізгі, мақсатың &ndash айқын, бағытың &ndash белгілі, ол &ndash Алланың разылығы. Алланың разылығы дұрыс ниет пен сапалы амалды талап етеді. Сол үшін екінші хадиске амал ету уәжіп болады сен үшін. Себебі, Қасиетті Құран аятында айтылғандай, мү&rsquoминнің бір сипаты «олар бос нәрселерден аулақ болады» (Мү&rsquoминун сүресі, 3-аят).

 

Адамның ісі адаммен болғандықтан, мұсылманға өзгемен қарым-қатынаста кісі ақысына аса мән беру &ndash міндет. Себебі, «мұсылман тілімен де, қолымен де өзгеге зарар-зияны тимеген жан» (Хадис). Ғалымдар «біреудің көңілін құлазыту &ndash Қағбаны құлату» деген. Сол үшін мұсылманның иманы өзіне тілегенді өзгеге тілеумен ғана кәміл болмақ. Демек, үшінші хадис &ndash сау қоғам қалыптастырудың кілті. Әркім егер осы хадиске амал ете өмір сүрсе, онда сахабалардың дәуіріндегі алтын ғасыр арамыздан да табылмақ. Барлық дерт, қасірет, қайғы өзіңе тілеген бақыт пен жақсылықты өзгеге қызғанудан басталады. Мұны әркім жақсы білуі тиіс.

 

Соңғы хадис мұсылманның бақытты өмір сүру принципін айқындайтын хадис. Күмәннан қашу &ndash дініңді қорғау. Дін &ndash бақытты өмір сүрудің формуласы. Адамдардың көбі неге бақытсыз? Өйткені, олар күмән деген нәрсені былай қойғанда халал мен харамды араластырып, шатастырып алған. Міне, сол үшін иманын бөріге талатып, басынан берекесі тайған. Осылайша өз-өзіне бақытсыздық пен кесапат тауып алып жүр. Ендеше, адам халал мен харамды жақсы білуі тиіс. Ал екеуінен де таппаған күмәнді нәрседен бойын барынша аулақ ұстауы қажет. Бақыттың кілті сонда ғана қолыңа өтпек. Басқаша «бақыт таптым» деу «батпаққа баттым» деу.

 

Ендеше, Пайғамбарымыздың  (ﷺ) хикметке толы осы 4 хадисінің өзі өміріңнің мәнді де сәнді болуына жетіп артылады. Тек амал ету ғана қажет.

 

Салтан САЙРАНҰЛЫ

 

 

Ihsan.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста