Бақыт жалғыз болмайды

– Мен саған бақыт тілемеймін, - деді ортаға шығып сөз алған бір ағамыз той иесіне қарата. «Мынау қайтеді-ей?» дегендей жаңа ғана жамырап отырған өзге жұрт тым-тырыс бола қалды.
– Біз әдетте жолаушыға ақ жол, сырқат адамның дертіне шипа, баласы жоққа перзент, үйі жоққа баспана, қысқасы кім неге мұқтаж болса, соны тілейміз. Ал сен бақытын тапқан жансың, мен ең әуелі сол бағыңның баянды болуын тілеймін, - деп әлгі кісі бір қайырғанда той иесі де күлімсіреп сала берді.
Мен сонда осы «бақыт» деген сөздің бір сиқыры барын тағы бір рет іштей мойындап, мына әңгімені еске алдым. Әлқисса...
«Бақытты болғың келсе...». Осындай тақырыппен семинар-тренинг жүріп жатты. Үлкен залда бос тұрған орын байқалмайды. Жиналғандардың дені жастар, және бәрі бақыт іздегендер. Бақыт туралы біраз әңгіменің басын шалған оқытушы бір кезде сабақты жаттығумен жалғастыратын болды. Қатысушылардың бәріне бір-бір үрленген шардан беріп, оған өз аты-жөнін жазуды тапсырды. Мұнан оңай нәрсе бар ма, тапсырма тез орындалды. Шардың бәрін қайтадан жинап алған оқытушы, оларды кең бір бөлмеге апарып араластырып жіберді. Келесі тапсырма – бес минут ішінде әркім өз шарын тауып алуға тиіс болды. Жұрт бөлмеге лап қойды. Біреуге біреудің қарауға мұршасы жоқ. Әркім өз жоғын іздеп, бөлменің астан-кестенін шығарды. Тіпті, абайсызда аяғын басып кетіп, не қолы тиіп кетіп, жанжалдасуға шақ қалғандар да болғаны рас. Бірақ ең басты шарт орындалмады, ешкім өз шарын таба алмапты.
Енді оқытушы қатысушыларға қайтадан бір-бір шарды ұстатып, шардың иесін табуды тапсырады. Бірі-бірімен танысып үлгергендіктен бе, әлде біреудің жоғын тауып берудің өз рахаты бар ма, әйтеуір қатысушылардың барлығы бес минутта өз шарына ие болды. Жанталас жоқ, жанжал жоқ – іздегені табылған жұрт жымиысып тұрды.
– Өмірде де осындай. Біз өз бақытымызды жалғыз іздеп жанталасамыз. Жер-көктен таба алмай, талай сан соғып, сергелдеңге түсеміз. Өзгелерді айыптап, тағдырды кінәлап жатамыз. Мұның бәрі қарапайым бір қағиданы – жалғыз жүріп, ешкімнің бақытты таба алмайтынын, біреудің бақыты біреуге байлаулы екенін білмегендіктен, - деп сабағын аяқтапты оқытушы.
Осында бір хикмет бар сияқты...
Қонақбай Қожа-Нияз

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста