Бақаны алтын таққа отырғызғаныңмен, батпағын көрсе қарғып түседі

Бақаның бағы

«Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді» дегенді айтқан да біздің аталарымыз. Яғни, ақылға сыймайтын, көңілге қонбайтын ырымдар да жетерлік мына қоғамда. Көбісі қазақы өмірімізге сырттан келіп, сіңіп кеткен қырын кеткен ырымдар. Соның бірі мекені батпақ болған бақаға деген шексіз құрмет. Бұл көріністі орыстардан көргенде «орыс ойына келгенді істейді» деуші едік, қазекем де қалыспай келеді. Тіпті озып та кетті-ау шамасы. Бір қолөнер шеберінің қолынан шығып, басынан табанына дейін қара бақырға оранған бақаны сауда нүктелерінен көруші едік, қазір кейбір қызметкерлердің де бөлмесінен көріп қалып жүрміз. Себебін сұрасаң: «Байлық шақырып, ақшаға көміп тастайды екен». Осыны істеп отырған саудагер де, қызметкер де ақылсыз емес. Сөйте тұра адам сенбейтін ақымақтығына таңғаласың. Өзіңнің табан ет, маңдай теріңмен келетін табысыңды ешбір пайдасы жоқ, батпақта жатқан сасық бақа әкеледі деген сенім барып тұрған ақымақтық енді. Бұған қарағанда еті жеуге, сүті ішуге жарамаса да есектің еңбегі адал. Столыңның үстіндегі бақырайып тұрған бақаның жансыз мүсінінен қораңды қорып, есігіңді күзетіп жүрген иттің пайдасы бар. Осындайда батыр Бауыржан атамыз айтыпты деген мына сөз еріксіз еске оралады. Ер Баукең айтыпты: «Бақаның бағынан, сұңқардың соры артық. Бақа қанша бақытты болғанымен батпағынан шыға алмайды. Сұңқар қанша сор арқалағанымен көктен жерге құламайды», – деп. Сонымен бірге, «Бақаны алтын таққа отырғызғаныңмен, батпағын көрсе қарғып түседі» деген қанатты сөзді де естен шығармайық.
Мекені батпақ болған бақадан бақыр тиын сұрағанша, басымызға қонатын бақты да, басқаны да ақыл иесі етіп, күллі жаратылыстан дәрежемізді биік қылып жаратқан Алладан сұрағанымыз әлдеқайда абзал болмақ.
Айтпақшы, қазір бақадан қадір кете бастаған-ау. Өйткені, біраз жерден бақыр тиынды басып отырған боққарын бір адам (бұл айтпақшы біраз қауымның сыйынатын құдайы) және айдаһардың мүсінін де көріп қалдым. Дәл осы ырымға сенетіндердің тірлігі «Бәлен жерде алтын бар, барсаң бақыр да жоқтың» кері. Күлкілі...

Жұматай Оспанұлының 
«Жалғыз жүрек, сан сауал» 
кітабынан алынды

(Жалғасы бар. Басы: 16.03.2015, 17.03.2015, 18.03.2015, 19.03.2015, 20.03.2015, 22.03.2015, 26.03.2015, 27.03.2015, 28.03.2015, 30.03.2015, 31.03.2015, 01.04.2015, 03.04.2015, 04.04.2015, 05.04.2015, 06.04.2015, 07.04.2015, 08.04.2015, 09.04.2015, 10.04.2015, 11.04.2015, 12.04.2015, 13.04.2015, 14.04.2015, 15.04.2015, 16.04.2015, 17.04.2015, 21.04.201522.04.2015).

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста