Сұрақ:
Балгерге барып бал аштырған дұрыс па?
Жауап:
Адамның болашағы жайындағы мағлұмат «сыр әлемінің» үлесінде, пенде оны қанша білемін деп тырысқанымен басына не келіп, не кететінін ешқалай біле алмайды. Ал, бал аштыратын кісілер соқыр сенімді үміт еткені болмаса, болашағынан бейхабар күйінде қала береді. Өйткені, ғайыптың сыры тек Ұлы Жаратушыға ғана мәлім (Нәмл сүресі - 65 аят). Ардақты Пайғамбарымыз да (Оған Алланың игілігі менсәлемі болсын): «Кім де кім бақсы-балгерге барып, оның айтқандарына сенетін болса, оның бұл әрекеті Мұхаммедке түскен Құранды жоққа шығарғандығының дәлелі (Ахмед - 2/429 бет.)», - деп қатаң түрде бақсы-балгерлерге баруды тыйған болатын. Ендеше, балгерге барып, оған бал аштыру мұсылманға жат әрекет.
mazhab.kz/kk/suraqtar/arturli/suraq-jauap/balgerge-baryp-bal-ashtyrgan-durys-pa-78/