Ассаламу алейкум! «Әлі дүниеге келмеген балаға киім-кешек алу - жаман ырым» дейді. Шариғи тұрғыдан негізі бар ма? Жеңіс
***
Уағалейкумуссәләм уә рахматуллаһи уә бәракәтуһ!
Ондай ырымның шариғатта негізі жоқ. Ата-ана әлі дүние есігін ашып үлгермеген сәбиге қажетті керек-жарақтарын алдын-ала дайындап қоюына болады. Барлық нәрсе - Алланың қолында.
«Алла - барлық нәрсенің жаратушысы. Және Ол – барлық нәрсеге қамқоршы». (Құран Кәрім, "Зүмәр" сүресі, 62 аят).
Абдусамат Қасым