Аза тұту күні: Қазақстанның барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы оқылады

Құран Хатым дұғасына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының әлеуметтік желілердегі ресми парақшасы арқылы қосылуға болады

13 шілдеде республиканың барлық өңірінде Құран Хатым дұғасы жасалады.

13 шілде – Қазақстанда коронавирустан қайтыс болғандарды ұлттық аза тұту күні. Осыған орай ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен республикалық, облыстық мешіттерде және медреселерде, қарилар даярлау орталықтарында 100 Құран Хатым оқылуда.

"13 шілде күні елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады", - деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайты.

Бас мүфтидің қатысуымен "Әзірет Сұлтан" мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына діни басқарманың Instagram-дағы ресми парақшасы мен YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға болады.

ҚМДБ барша мұсылман қауымын осы күндері шама келгенше Құран оқып, Алланы зікір етіп, кешірім тілеп және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеп салауат айтып, республика имамдарымен, қариларымен 13 шілде күні бір мезетте ел амандығы үшін дұға жасауға шақырды.

Ұлттық аза тұту күні

Мемлекет басшысы 13 шілдені Ұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Осыған байланысты бүгін елде мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқтатылды, телерадио хабарларын тарату желісі өзгертілді. 

COVID-19 індетінен көз жұмған қазақстандықтарды еске алу үшін сағат 12:00-де бір минуттық үнсіздік жарияланады. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста