Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Ата-анамыз үшін қандай дұға тілеуіміз қажет?

Ата-ана – адамның өміріндегі ең маңызды жандар. Алла дәл сол кісілерге біздің әрқайсымызды дүниеге әкелу жауапкершілігін жүктеді. Бізді өсіріп тәрбиелеуде әкелеріміз бен аналарымыз көптеген қиындықтарға тап болады.

 

Ислам – мейірім мен қайырымдылық діні, және де біздің ең алдымен ерекше құрмет көрсетуіміз тиіс адамдар – Алланың қалауымен бізді дүниеге әкелген жандар. Жаратушы Иеміз ата-анаға қатысты ең көркем мінез танытуымызды және ең ізгі амалдарымызды жасауға шақырады.

 

Құранда айтылады: «Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәхаметіңе бөлей көр!”, - де» (Құран Кәрим, 17:24).

 

Бірде Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) сұрады: «Аллаға ең ұнамды іс қандай?». Ол айтты: «Уақытылы оқылған намаз». «Ал одан кейінгісі қандай?» дегенде, «Ата-анаға бағыну және оларға жақсылық жасауға ұмтылу» - деп жауап береді де, содан кейін ғазауат – яғни, ислам жолындағы күрес тұратындығын айтқан.

 

Тірі кезінде де, о дүниелік болғанда да мұсылманның міндеті – ата-анасына құрметпен қарау, мейірімділік көрсету, қамқор болу, Жаратушыдан олардың тілеуін тілеу. Ата-ана үшін жасалған дұға Алла тарапынан бірден қабыл етіліп, береке әкеледі:

 

1. Рабби-рхамхума кама раббаяни сағира.


«Ол екеуіне кішірейіп мәрхамет құшағын жай да: “Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхаметіңе бөлей көр!”, - де» (17:24).


2. Раббана-ғъфирли уа ли уалидайя уа лиль-му’минина яума якъумуль-хисаб.


“Раббымыз! Есеп құрылатын күні, мені, әке-шешемді және мүміндерді жарылқа!”, - (деді). (14:41).


3. «Раббым! Мені, әке-шешемді, мүмін болып үйіме кірген кісіні және мүмін ерлер мен мүмін әйелдерді жарылқа! Сондай-ақ залымдардың жоқ болуларын ғана арттыр» деді. (71:28).


4. Аллахумма ихдиний уа уалидайи уа акаарибий аляссырати ль-мустақим.


О, Алла, мені, ата-анамды және туыстарымды тура жолға сала гөр.

azan.kz

 

 


 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста