«Әт-тахият» дұғасын оқығанда, кәлима шаһадатты айтқанда сұқ саусақты «Әшһаду әл-лә илаһа иллалаһ» деген сөздің «Ләә иләһә» деген жерінде көтеріп, «иллаллаһ» деп қайта түсірілуі – сүннет.
Сұқ саусақ көтерілгенде, қалған саусақтар бүгіледі. Бұл – Алладан басқа құдай жоқ деген сөзді қуаттаудың белгісі.
Ибн Омар: «Алла елшісі (с.а.с.) намазда отырғанда оң қолын тізесіне қойып, саусақтарын түгелдей жұмып, сұқсаусағын көтеретін, ал сол қолын сол тізесіне қойып ашық ұстайтын», - дейді. (Сүнән Тирмизи, 294)