Арапа күні әйел адамдар не істеуі керек?
Арапа күнінің маңыздылығы туралы Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде былай делінген: «Алла тағала Арапа күнінде құлдарына назар салады. Түйірдей иманы бар болған адамды кешіреді» (Ғунийа).
«Арапа күнін құрметтеңдер! Өйткені Арапа – Алла тағала қадірлеген күн» (Дәйлами).
«Арапа күні құлағына, көзіне және тіліне ие болған адам кешіріледі» (Тәбарани).
Ертең – ұлы мейрам, аса қадірлі мереке. Ерекше дайындықты талап ететін күн. Сондықтан әйелдер бұл күні келесі аталғандарды жасауы тиіс:
1. Әдеттегіден ертерек тұрыңыз.
2. Үй іші, аулаңызды мұқият тазалаңыз.
3. Бұл күні қажылықтағылар Арафатта тұрып (бесін мен асыр намаздарының аралығындағы уақытта) дұға жасайды. Сол себепті сіз де үйде отырып ғұсыл құйынып, шын жүрегіңізбен дұға жасаңыз. Алладан отбасыңыздың берекесін, балаларыңыздың амандығын, еліміздің тыныштығын тілегеніңіз дұрыс.
4. Содан кейін бауырсақ пісіруге кірісе берсеңіз болады.
5. Ертең қонақтар келгенде үлгермей жүрмеуіңіз үшін дастарханға қоятын тәтті, дәмдеріңізді осы күні даярлап қойыңыз.
6. Бұл мерекенің маңыздылығын балаларыңыз да түсінсін. Оларға сый- сыяпат жасауды ұмытып кетпеңіз.